195-бап. Қайтыс болуды тіркеу тəртібі 1. Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлді деп
жариялау туралы жəне өлу фактісін анықтау туралы сот
шешімдері азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі.
2. Қайтыс болуды тіркеу өлген адамның тұрған жеріндегі
немесе ол қайтыс болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу
органдарында жүргізіледі.
3. Адамды өлді деп жариялау туралы жəне өлу фактісін
анықтау туралы сот шешімдерін тіркеу шешім шығарылған жерде
жүргізіледі.