органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің
заңдарына сəйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да
келісімін алу қажет.
3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
жəне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы
асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын
шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін
баланың тұратын аудандық (қалалық) атқарушы органнан немесе
оның ата-анасынан (олардың біреуінен) бала асырап алуға
алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында
заңды деп танылады.
4. Егер бала асырап алудың нəтижесінде баланың Қазақстан
Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала
асырап алудың күші сот тəртібімен жойылуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тəртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау
жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi
жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: