210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу 1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін
тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде
жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде
азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан
Республикасының заңдары қолданылады.