22-бап.Некенің ол бұзылған жағдайда тоқтатылу кезі 1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын
неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің
бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта
бұзылған жағдайда - соттың шешімі заңды күшіне енген күннен
бастап тоқтатылады.
2. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім
шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген
жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға
міндетті.
Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында
некенің бұзылғаны туралы куəлік алғанға дейін жаңадан некеге
тұруға құқығы жоқ.