17-бап.Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау Некені
бұзу
кезінде
ерлі-зайыптылардың
арасында
туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында
сот тəртібімен қаралады.
18-бап. Некені сот тəртібімен бұзу Некені сот тəртібімен бұзу:
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген
жағдайларды
қоспағанда,
ерлі-зайыптыларда
кəмелетке
толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі
болмаған кезде;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы
болмауына қарамастан, некені бұзудан өз əрекеттері не
əрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған
жағдайларда жүргізіледі.