Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Некені  жарамсыз  деп  тануды  талап  етуге  құқығы



Pdf көрінісі
бет45/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

25-бап.  Некені  жарамсыз  деп  тануды  талап  етуге  құқығы 
бар адамдар 
1. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға: 
1)  егер  неке  жасына  толмаған  адаммен  неке  қиылса  (осы 
Заңның 10-бабы),  кəмелетке  толмаған  жұбайы,  оның  ата-анасы 
(оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы жəне қамқоршы орган 
немесе  прокурор  құқылы.  Кəмелетке  толмаған  жұбай  он  сегіз 
жасқа  толғаннан  кейін  некені  жарамсыз  деп  тануды  талап  етуге 
тек оның өзі ғана құқылы; 
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі 
болмаған  жағдайда:  мəжбүр  ету,  алдау,  қателесу  немесе  өзінің 
жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде 
өзінің əрекеттерінің маңызын түсінбей жəне өзін-өзі билей алмауы 
себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған 
жұбай, сондай-ақ прокурор; 
 3)  некені  қиюға  кедергі  келтіретін  мəн-жайлардың  бар  екенін 
білмеген  жұбай,  əрекетке  қабілетсіз  деп  танылған  жұбайдың 
қорғаншысы,  оның  алдындағы  бұзылмаған  неке  бойынша 
жұбайы,  осы  Заңның 11-бабының  талаптарын  бұза  отырып 
қиылған  неке  арқылы  құқықтары  бұзылған  басқа  да  адамдар, 
сондай-ақ қорғаншы жəне қамқоршы орган мен прокурор; 
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің 
жалғандығы туралы білмеген жұбайы; 
5) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында аталған мəн-жайлар 
болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы. 
2.  Неке  жасына  толмаған  адаммен,  сондай-ақ  сот  əрекетке 
қабілетсіз  деп  таныған  адаммен  қиылған  некені  жарамсыз  деп 
тану  туралы  істі  қарау  кезінде  іске  қатысуға  қорғаншы  жəне 
қамқоршы орган тартылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет