əрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып
танылуы мүмкін.
36-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
1.
Ерлі-зайыптылардың
ортақ
мүлкін
бөлу
ерлі-
зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде
де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп
алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит
берушінің талабын мəлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
2.
Ерлі-зайыптылардың
ортақ
мүлкі
ерлі-зайыптылар
арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-
зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу
туралы келісімі нотариат арқылы куəландырылуы мүмкін.
3. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу,
сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау
сот тəртібімен жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-
зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың
əрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен
асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе
өзге де өтемақы берілуі мүмкін.
4. Кəмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін
қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім,
мектеп жəне спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар
кітапханасы жəне басқалары) бөлінуге жатпайды жəне бала бірге
тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар
өздерінің кəмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған
салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі жəне ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген
жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі,
сондай-ақ ерлі- зайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде
тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.
6. Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
туралы ерлі- зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш
жылдық мерзімі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: