47-бап. Əкелікті сот тəртібімен белгілеу Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған
жағдайда жəне ата-ананың бірлескен арызы немесе бала əкесінің
арыз болмаған кезде (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы)
баланың нақты адамнан туу тегі (əке болуды) ата-аналарының
біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы
бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы
бойынша, сондай-ақ баланың кəмелетке толғаннан кейінгі өз
арызы бойынша сот тəртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот
баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды
ескереді.