1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-
зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың
мүлкінің заңды режимі болып табылады.
2.
Ерлі-зайыптылардың
шаруа
(фермерлік)
қожалығы
мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену,
пайдалану жəне оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 жəне 225-баптарымен
белгіленеді.
32-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
1. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік
олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне
(ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың
əрқайсысының еңбек қызметінен, кəсіпкерлік қызметтен жəне
санаткерлік қызмет нəтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкінен жəне ерлі-зайыптылардың
əрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған
зейнетақылар, жəрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы
мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек
сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы
салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына жəне басқаларына
байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-
ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып
алынған жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, бағалы
қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге
де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер
жəне ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез
келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып
алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы
салғанына қарамастан, ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкі болып
табылады.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған
кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді
жүзеге асырған немесе басқа да дəлелді себептермен жеке кірісі
болмаған жұбайға да тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: