жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде
тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал
актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың
ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.
Егер анасының күйеуі емес еркектің əке екендігі анық болып
шықса, анасы босанғанға дейінгі жəне босанғаннан кейінгі
кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті
ақша қаражатын сот тəртібімен талап етуге құқылы. Ақша
қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық
жəне назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала
отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген
есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.
5. Он сегіз жасқа (кəмелетке) толған адам жөнінде əке болуды
белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол əрекетке қабілетсіз
деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы
жəне қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: