Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет62/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 
48-бап. Соттың əке болуды тану фактісін белгілеуі 
Өзін  баланың  əкесімін  деп  таныған,  бірақ  баланың  анасымен 
некеде  тұрмаған  адам  қайтыс  болған  жағдайда  оның  əке  екенін 
тану  фактісі  азаматтық  іс  жүргізу  заңдарында  белгіленген 
ережелер бойынша сот тəртібімен белгіленуі мүмкін.  
 
49-бап.  Баланың  ата-анасын  туу  туралы  жазбалар 
кітабына жазу 
1.  Бір-бірімен  некеде  тұратын  əке  мен  ана  туу  туралы 
жазбалар  кітабына  олардың  кез  келгенінің  арызы  бойынша 
баланың ата-анасы болып жазылады. 
2.  Егер  ата-ана  бір-бірімен  некеде  тұрмаса,  баланың  анасы 
туралы жазба-анасының арыз бойынша, ал баланың əкесі туралы 
жазба  баланың  əкесі  мен  анасының  бірлескен  арызы  бойынша 


немесе  бала  əкесінің  арызы  бойынша  (осы  Заңның 46-бабының 
4-тармағы)  жүргізіледі  немесе  əкесі  соттың  шешіміне  сəйкес 
жазылады. 
3.  Бала  некеде  тұрмайтын  анадан  туған  ретте,  ата-ананың 
бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе əке болуды анықтау 
туралы  сот  шешімі  болмаған  жағдайда  туу  туралы  жазбалар 
кітабында  бала  əкесінің  тегі  анасының  тегі  бойынша,  бала 
əкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазылады. 
4.  Некеде  тұратын  жəне  бойға  бала  бітірудің  жасанды  əдісін 
немесе  эмбрион  имплантациясын  қолдануға  жазбаша  түрде  өз 
келісімін  берген  адамдар  осы  əдістерді  қолдану  нəтижесінде 
өздерінде  бала  туған  жағдайда  туу  туралы  жазбалар  кітабына 
оның ата-анасы болып жазылады.  
Суррогат  ана  мен  бойға  бала  бітірудің  жасанды  əдістері 
мəселелерін  құқықтық  реттеу  Қазақстан  Республикасының 
заңдарымен белгіленеді. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет