30
Атқарушы билікті жүзеге асырушы негізгі жоғарғы
орган - Үкімет.
Үкіметминистрліктердің, атқарушы билік комитеттері және
орталық орган жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды
және ұйымдастырады. Өз өкілдіктерін нормативтік актілер
шығару арқылы іске асырады. Үкімет актілеріне қаулылар мен
өкімдер жатады.
Қабылданған заңдардың және басқа да нормативтік акті-
лердің ҚР Конституциясына қайшы келмеуін, сондай-ақ барлық
құқықтық актілердің және сайлау жүйесінің дұрыс орындалуын
қадағалаушы орган –Конституциялық кеңес. Ол 7 мүшеден
тұрады және өкілдік мерзімі - 6 жыл. Конституциялық кеңес
ерекшелігі Конституция нормаларына ресми түсініктеме
беру болып табылады. Оның нормативтік актілері: қаулылар,
қорытындылар, жолдаулар.
Сот билігі сот ісін жүргізуші қылмыстық, азаматтық
заңдармен белгіленген тәртіп бойынша және басқа да ны-
сандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың актілері Рес-
публиканың аумағында жеке және заңды тұлғалардың орындауы
үшін міндетті.
Сот жүйесі: жоғарғы сот; жергілікті соттар (облыстық
және оған теңестірілген соттар); қалалық, аудандық және ауыл-
дық соттар; арнайы соттар.
Судьялардың тәуелсіздігі заңмен қарастырылған.
Олар
қызметтен 2 жағдайда босатылады: қызметтен босатылуы;
өкілеттігінің тоқтатылу арқылы.
Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастарды реттейтін,
мемлекеттің басқаруқызметінің процесінде пайдаланатын және
мемлекеттік аппараттың тәртіптерінен бірізділік жұмысын
қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табы-
лады. Мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар арқылы өзінің
өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру
және де өз азаматтарының өміріне қауіпті жағдайларды қам-
тамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәні
бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Әкімшілік құқық азаматтардың меншікті басқаруға
қатысушылардың құқықтық және ұйымдық нысандарын
бекітеді, сонымен қатар өкілетті органдар мен лауазымды
адамдар және азаматтар үшін тиісті мінез-құлық ережелерін
32
олар ықпал ететін тұлғалар тобына, яғни нормалардың ке-
ңістіктегі әрекетінің тәртібіне байланысты бірнеше түрлерге
бөлінеді.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұнына қарай мынандай
түрлерге бөлінеді:
- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтарын, міндеттерін
жәнежауапкершіліктерін бекітуші;
- атқарушы билікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін
айқындаушы;
- теріс қылық үшін әкімшілік
жауапкершілік белгілеуші;
- әкімшілік іс жүргізу қызметін реттеуші;
- атқарушы органдардың қызметіне заңдылықты қамтамасыз
етуші;
- әкімшілік, саяси, әлеуметтік, мәдени және экономика
салаларындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы
негізгі ережелерді айқындаушы.
Әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойын-
ша (ықпал ету тәсілібойынша) міндеттейтін, тыйым салатын,
рұқсат беретін, ынталандыратын жәнеұсынылатын болады.
Кез-келген құқық нормалары сияқты әкімшілік құқық нормасы
гипотеза, диспозиция және санкциядан тұрады.
Әкімшілік құқық нормаларымен реттелген атқарушы
билік негізінде пайда болған қоғамдық қатынастар әкімшілік-
құқықтық қатынастар деп аталады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуші тұлғаларды
субъект деп атайды.
Әкімшілік-құқықтық қатынас субъектісі болып мемлекеттік
атқарушы билік органы және оның лауазымды адамы табылады.
Заң нормалары бойынша әкімшілік істерді қараған кезде соттар
және сыртқы басқарушылық
функцияларын іске асырған кезде
қоғамдық бірлестіктер әкімшілік құқық субъектілері бола
алады. Басқарудың объектісі атқарушы биліктегі құқықтары
мен міндеттері белгіленген және басқарылатын тарап ретінде
жеке және заңды тұлғалар болады.
Атқарушы билік органдарының ерекшеліктері:
- заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар
мемлекеттік
аппараттың бөлек саласы;
- өз қызметтерін заң жүзінде атқарады;
- заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілерді орындау
үшін
құралады;
33
- мемлекет атынан жеке және заңды тұлғаларға арналатын
заңға негізделгеннормативтік актілер шығарады, олардың
ережелері мен талаптарының сақталуына қадағалау жүргізеді
және бұл актілердің орындалуын қамтамасыз етіп қорғайды;
- мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды
және т.б.
Атқарушы билік органдары – бұл мемлекеттің, қоғамның
шаруашылық, әлеуметтік, мәдени және әкімшілік саяси өмірінің
әр-түрлі салаларында атқарушы-өкім етуші қызметін жүзеге
асырушы аппарат.
Достарыңызбен бөлісу: