Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет21/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

2.5 ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР
Заң дегеніміз, ең жоғарғы нормативтік күші бар акті. Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы бойынша Парламент– заң 
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы 
органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады , «кең» 
және «тар» мағынасында. 
Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердің барлық 
түрлері нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, 
нұсқаулар, ережелер, жарғылар т.б. жатқызылады. 
Ал, “тар” тұрғыдан қарайтын  болсақ, заңға тек қана  заң  
деп аталатын нормативтік құқықтық актілердің  арасында  ерекше  
орны  бар, ерекше  қызмет  атқаратын акт  болып есептеледі. 
Былайша айтсақ, “заң” – төрағасы сияқты, басқа нормативтік - 
құқықтық актілердің   төрінен орын алатын  акт. Оның себебі неде?  
Біріншіден  , заңды мемлекеттің  ең жоғарғы  заң  шығаратын 
органы – Парламент шығарады. Екіншіден , заң қоғамдағы  ең 


90
күрделі қатынастарды  реттеуге  бағытталады. Заң реттейтін  
қоғамдық қатынастардың бүкіл  қоғамның  мүдделеріне   қатысы  
бар.  Үшіншіден,    заңның    ең  жоғарғы  құқықтық    күші  бар.  
Заңдар өз ішінде  түріне байланысты бірнеше  топтарға бөлінеді: 
Конституция,  конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең 
жоғарғы  құқықтық  күші  бары  –  Конституция.  Мемлекеттегі  
барлық  нормативті  актілер    Конституция  негізінде,  соған 
сәйкес жасалып қабылдануы  керек.  Қазақстан Конституциясы 
бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші  
жағынан төмен тұрады. Сондықтан  конституциялық  заң деп 
аталса  да,  Конституцияға    өзгерістер  ,  қосымшалар    енгізе 
алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес  жасалып , 
қабылданады. Құқықтық күшіне қарай  конституциялық заңнан 
кейін жай заң  тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да аталған заңдар ең 
маңызды нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті 
актілер заңдарға  тәуелді  актілер қатарына жатады.
Нормативтік құқықтық актілердің  құрамында  заңдардың  
ерекше орны болуы  , айрықша  қызмет атқаруы  заң мен құқықтың 
арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Құқықты қоғам  жасайды, заңды мемлекет жасайды деген 
тұжырым  –  заңнан  құқықты    ажыратудың  қажет  екенінің  
белгісі.  Құқықты  қалыптастыратын  қоғам.  Құқық  қоғамдық 
қатынастарды  реттейтін    нормалардың  жиынтығы.  Құқық 
қалыптасуының  обьективтік  барысын  формалды  заң  шығару 
қызметімен шатастыруға болмайд. Құқықтың жасалуы, қоғамдық 
қатынастардың өздігімен  шынайы қалыптасып, адамдардың  
және олардың  бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай 
жолмен, үлгілермен  белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. 
Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық –құқық қалыптасуының негізі 
принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың 
алғышарты,оның тиімді болуының негізгі-құқықтың жасалуы. 
Заң  шығарушылықтың  неғұрлым  құқықтың  талаптарына 
әділдікті  шындықты  толығынан  ескеретін  болса    соғұрлым 
заң құқыққа сәйкес болады. Мұндай да заңды- құқықтық заң 
деп  айтуға  негіз  бар.    Біріншіден      құқықтық  заң  қоғамдық 
қатынастарды  жөнге  салып,  реттеуге  дамытуға  атсалысады, 
екіншіден, құқықтық заң әділдікті адамгершілікті баянды етеді, 
үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие 


91
болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың  
арақатынасын  дұрыс  анықтаудың  зор адамгершілік маңызы 
бар. Сонымен қатар  бұл  мәселенің  практикалық  мәнінде  естен 
шығармаған жөн.  Заңның  құқық  талаптарына  сай келуі оның 
сапасын көтереді.  Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган 
ескеруі қажет.  Қақақстан Республикасы  Президентінің ұсынысы 
бойынша  Конституцияға  өзгертулер  мен  толықтыруларды 
Парламент енгізеді. Мысалы  1998жылы 7 қазанда Қазақстан  
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы 
бойынша әр  Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің 
дауысымен бір  жылдан аспайтын мерзімге  заңдар  жобаларын  
қорғаудың  басымдылығын сондай -ақ  осы жоба жедел қаралады 
деп жариялауға құқығы бар. Президент заң күші бар Жарлық 
шығаруға хақылы. Мұндай Жарлық Конституцияда белгіленген  
тәртіппен  Парламент жаңа заң қабылданға дейін қолданылады.
Нормативтік  актілер  жүйесінде  президенттік  биліктік  
актілер  ерекше  орын  алады.  Олар  заңға  негізделген  актілер 
қатарына жатады және принципінде орындау атқару сипатында 
болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше немесе 
соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде 
Президенттің актілер күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла 
тұруы,    немесе  дәлдей  түсу  мақсатында  заңдарға  түзетулер 
енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық  актілер мен жергілікті органдар актілеріне 
қарағанда,   басым  болып келетін Заң негізінде қабылданған  
нормативті актілерге  Үкіметтің  қаулылары мен өкімдері жатады. 
Олардың құрамында бастапқы нормалардың болуы жиі кездеседі. 
Солай бола тұрса да орындау- атқару актілері болуы жөн.
 Жекелеген ведомстволардың заң негізінен өздерінің жасаған 
нормативтік актілері  сол ведомоство ішіндегі қатынастарды 
реттейді. Дегенмен, орталық ведомствалардың ішінара, кейбіріне, 
мысалы,  темір  жол  қатынасы,  ішкі  істер  министрліктеріне  
қатаң түрде шектеулі салаларда сыртқы әсері мен ықпалы  бар 
актілер шығаруға құқықтары беріледі. Кейде заңмен кереғар 
болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде 
орын алып қалуы келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай 
жағдайларда ақуалды жөндеу конституциялық әділ сот қабылдаған 
актілердің көмегімен түзетіледі. 


92
Заң негізінде қабылданатын нормативтік актілерді жергілікті 
жерлерде  мемлекеттік  биліктің  аумақтық  органдары  мен 
басқармалары немесе өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары 
шығарады. Олардың ықпалы мен әрекеті сол өлке, облыс, қала, 
аудан, кент, ауыл аумағында тұратын адамдарды түгел қамтиды. 
Локалдық  нормативтік  актілерді  ұйымдар  өздерінің 
ішкі  істеріндегі  мәселелерді  шешу  мақсатында  шығарады. 
Бұл  актілердің  ықпалдары  мен  әсерлері  тек  осы  шектеулі 
ұжым  мүшелері  болып  табылатын  адамдарды  ғана  қамтиды. 
Локалдық нормативтік актілер, мысалы, еңбек тәртібіне, оларды 
ұйымдастыру  мәселелеріне,  ұжым  бөлімдері  араларындағы 
қарым-қатынастарды реттеуге қатысты шығарылады. 
Қоғамды демократияландыра түсу жағдайларында және өзін-
өзі басқарудың бастаулары тереңдетіліп әрі қарай өрбітілгенде 
санкцияланған нормативтік актілердің болып, олардың әрі қарай 
дамуы орын алуы мүмкін. Оған мемлекеттің алдын-ала берген 
рұқсатымен немесе құзыретті мемлекеттік органның бекітуінен   
соң заңдық күшке ие болатын, қоғамдық бірлестіктер, еңбек 
ұжымдары,  азаматтардың  топтанып  бас  қосу  жиындарында 
қабылдаған  нормативтік  актілері  жатады,  олардың  локалдық 
та жергілікті де маңызы болуы мүмкін. 
Қазақстан Республикасында жаңа заң қабылданды, оның аты 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы». Осы заңның қолдану 
саласы өте кең.
Заң актілері мен өзге де нормативтік құқық актілерді әзірлеу 
мен қабылдау, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, оларды жариялау 
ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік   құқықтық 
актілер қабылдайтын мемлекеттік органлардың қызметін реттейтін 
заң актілерімен, органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын 
актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен  және олардың  
регламенттері мен, басқада нормативттік құқықтық актілермен 
айқындалады.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің 
негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, констиуциялық 
заңдар, кодекстер, заңдар:
Қазақстан Республикасы Президентінің  Конституциялық 
заң күші бар жарлықтар, Қазақстан Республикасы Президентінің 
өзге де нормативтік құқықтық жарлықтары:


93
Парламент мен оның палатарының нормативтік қаулылары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары:
Қазақстан  Республикасы    Конституциялық  Кеңесінің, 
Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы орталық сайлау 
комиссиясының нормативтік қаулылары:
Қазақстан  Республикасының  министрлері  мен  өзге  де 
орталық мемлекеттік  оргондар  басшыларының нормативтік 
бұйрықтары:
Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге 
де орталық мемлекеттік  органдардың нормативтік қаулылары:
Мәслихаттар  мен  әкімдердің  нормативтік  құқықтық  
шешімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет