Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ МЕН МОРАЛЬ



Pdf көрінісі
бет19/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

2.3 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ МЕН МОРАЛЬ
НОРМАЛАРЫНЫҢ  АРАҚАТЫНАСЫ
Құқық пен мораль тығыз байланысты. Осы екі құбылыстың 
жалпылама ерекшеліктерін  және айырмашылықтарын көрсету 
қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық 
базиске  жасалған  қондырма  болып  табылады,  қоғамдық 
қатынастарды  реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің 
ортақтығына бірлігіне негізделеді.
Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге 
асырылады және асырылуының ішкі кепілі - адамның ар - ұяты 
мен намысы.
Құқық нормаларының талаптары  моральдық  талаптарға 
негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституция-
сының 27-бабында былай айтылған: “Неке мен  отбасы, ана мен 
әке және  бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына 
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу  ата -ананың табиғи 
құқығы  әрі парызы.   Кәмелетке толған еңбекке қабілетті   балалар 
еңбекке  жарамсыз ата-анасына қамқорлық  жасауға міндетті”.
Бұл  бапта  құқық  нормасының  талабы  және  мораль 
нормасының талабы бірдей көрініс табады.
Кейбір  құқық салаларының моральдық талаптарына ықпалы 
аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық  құқықта,қаржылық 
құқықта және т.б. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта 
моральдің маңызы өте зор.
Енді құқық пен моральдің айырмашылығына тоқталу қажет.
1.Құқық мемлекетпен  бірге, қатар  пайда  болады. Ал мораль  
мемлекеттен бұрын  пайда болады. Құқық жазылған  нормалардан  
тұрады, ал мораль күрделірек құрылым мен  жазылмаған ережелер, 
талаптардан тұрады.  Құқық мемлекеттік  мәжбүрлеудің болу 
мүмкіндігімен  қамтамасыз етіледі,ал  мораль дағдылы арқылы 
немесе  қоғамдық  пікір  күшімен қамтамасыз етіледі.
Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады.
Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.


86
2. Құқыққа социологиялық және философиялық  тұрғыдан 
қарағанда, ол өте кең  түсінік  болып оған  құқық нормаларымен 
қатар,  құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.
Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде  жалпы және  
айрықша белгілер тән.
1.Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек  
құқықтқы тән жағдай емес. Ол адамның  табиғатымен байланысты 
және кез-келген  әлеуметтік  ұйымға тең.
 Нормативтік дегеніміз–адамдардың ой жүйесін қоғамдық 
өмірін тәртіппен соның нәтижесіне белгілі ережелерге бағындыру .
Құқық  әділдік  және  бостандық  идеяларын  білдіреді.
Әділдікпен  бостандыққа  азамат  ежелден    ұмытылып  оларды 
армандаған. Әділдік–адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол 
басқа  адамның мүддесіне  зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы.  
Осы  талаптарға сай келетін  адамның әрекеті әділ болып санала-
ды.  Марксизмм-лининизм  негізін  қалаушылар  әділдікті  тек  
таптық  мүдделермен байланыстырады.  Бостандық – адамнан 
ажыратылмайтын    қасиет.  Тек  бостандық  боса    ғана    адам  
лайықты өмір  сүре алады, барлық  өзіне  тән  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  аша алады.
3.Құқықтың бейнелейтін обьектілері болады. Олар  билік,   
мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар  арқылы әділдік пен бостандық 
жүзеге асырылады.  Әрине, әділдікпен  бостандық шектелсе де,   
сол аталған  құбылыстар арқылы   жүзеге асырылады. Құқықтың 
нормалары мен  мемлекет органдарының арасында қайшылықтар  
үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың  құқықтары 
мен бостандықтары жарияланғанымен мемлекеттік  органдар 
оларды жүзеге асырылуын  қамтамасыз етпеуі  мүмкін. 
4. Құқық адамның  іс-әрекетін  реттейді, оның ойына, сезіміне 
әсер етеді.Егер адам заңдарда  әділдікпен  бостандық баянды 
етілетіне көз жеткізсе,  оларды  орындау қажет  деп есептейді. 
Мұндай жағдайда  адам өз еркімен заң  талабын орындайды. 
Заң  талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 
5.Құқық заңды  түрінде қалыптасады.Заңдарда адамдардың  
еркі  баянды  етіледі.Адамдардың  еркін  заң  шығаратын  орган  
ресмилендіреді.Сондықтан құқық  мемлекет танылған адамдардың 
еркі. Егер құқық әділдік  пен бостандықты паш етпесе ол жалпы 
халықтық құқық деп саналады.


87
6. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке 
ие болады. Ол – формальды анықтылық. Оның белгілері, айқын-
дығы, бір  мағыналылығы,  қысқалылығы.Бұл құқық субьектісінің  
не нәрсені істеу  болатынын,  нені болмайтындығын  білуіне  
ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау қылмыс.
Құқықтың  жүйелілігі–оның  тағы  бір  қасиеті.    Заңдарда 
жазылған  құқықтық  нормалар  өзара  байланысты,  үйлесімді 
болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, 
қалыптаса  ғана  қоймай,  құқық өзінің борышын орындауға  
қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті–оның өзгермелілігі.  Қоғамдық  
өмір, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары 
да өзгерген қатынастарды лайықты лайықты түрде реттеу үшін 
өзгеріп тұруы қажет.  Осыған байланысты ескірген заңдар күшін  
жояды,  жаңа  заңдар  қабылданады.  Құқық  біркелкі  қалыпты 
түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің 
баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі   әлсіз, біреудің 
қабілеті мол, екіншісінікі кем,біреудің отбасы бар, біреуі бойдақ. 
Адамдардың мұндай  айырмашылығын  заң ескере бермейді. 
Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, 
өмірдің    кейбір    салаларында,  мысалы,  саяси  құқықтарымен  
пайдаланғанда азаматтардың жағдайы бірдей.
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормала-
рының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған 
байланысты  мемлекет құқық талабын бұзғандарға  мәжбүрлеу 
тәсілін  қолданады.  Мұндай  қорғау  болмаса,  құқық  жоқ  деп 
есептеу керек.
            
        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет