Бұрылыстар бойынша жүгіру
Бұрылыстар бойынша жүгіргенде, кеудені солға-алға қарай еңкейтеді,
оң қол жүгіру бағытына тіке бағытта қозғалады,сол аяқ жерге табанның
сыртқы жағымен, ал оң аяқтың ұшы табанның ішкі жағына сүйене
отырып, ішке таман қойылады. Бұрылыстар бойынша жүгірудегі меңгеру
үшін жүгіру барысында жіберілген қателерді түзете отырып, бастапқы
кезде бұрылыстар мен көп қайтара жүгіріп дағдыланады. Өйткені
200,400,800, нәтижеге әсері бар. Сол себепті де, бастапқы қиындыны тіке
жолмен жүгіру үшін сөре қалыптары жүгіру жолының бұрылысқа
жеткенде, жүгіруші кеуденің солға еңкеюін арттыра бастайды және осы
жаққа аяқ табандарын сәл-пәл бұрады. Шапшандық жоғары және жолдың
бұрылысы көп болған сайын кеуденің еңкеюі де соншалықты көп болмақ.
Тура жолға шыққаннан кейін жүгіру шапшандығын біршама арттыру
мүмкін болады. Мәреге жақындағандағы жүгірушінің негізгі міндеті
жүгірудің жоғары шапшаңдығын сақтау. Бұл үшін қолдардың сілтену
екпінін арттырып, артқы аяқпен итерілуді күшейтіп, аяқты жиі алып, мәре
сызығын қиып өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |