Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру кезінде таяқша қолдан қолға беріледі. Эстафета
таяқшасын лақтырып беруге болмайды. Таяқшаның қолдан түсіп кетуі
жарыс ережесін бұзғандық емес, алайда оны тек түсіріп алған жүгіруші
ғана көтеріп алуы керек. Таяқшаны берген қатынасушы өзінің
қозғалысымен өзгелерге кедергі келтірмейтін жағдайда ғана жолдан шыға
алады.
Тосқауылмен жүгіру бойынша жарыс кезінде тосқауылдың жанымен
жүгіріп кетуге және тосқауылды тыс жерден аттап өтушге болмайды.
Тосқауылды құлатып кету немесе оларға тиіп кету ережені бұзғандық
болып саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |