Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет130/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме? Өтті емес пе, оқыған жоқ 
емес пе? 
Альтернативті сұраулы сөйлемдердің риторикалық мағына беруін 
ашық  сұрақты  сөйлемдер  де  атқара  алады.  Бұлардың  ішінде  де 
риторикалық  сұраққа түгелдей бейімделгендері  бар. Солардың бірі  – 
есім- емей немене, етістік - емей немене болып жасалған баяндауыш 
қатысқан сөйлемдер.   
Бастауыш  -ған,  -ген  формалы  есімше,  баяндауыш  ретінде  қайда 
сөзі қатысып құралған сөйлем де риторикалық  сұрақты білдіру үшін 
жиі жұмсалады.  Әже,  әлгіде  оның  құлағын жұлам дегенің қайда?!   
Түрткі  сұрақ  -  тыңдаушыны  бір  іске  қосу,  жұмсау  үшін  де 
пайдаланылатын  сұрақ.  Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме 
тауып жағасың ба? (Б.М.) Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы 
айтылмай,  сұраулы  сөйлем  формасында  айтылуы  коммуникативтік 
мақсатқа байланысты  тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру. 


 
197 
Түрткі  сұрақты  білдіретін  сөйлемнің  баяндауышы  келер  шақ 
етістік  пен  -ма,  -ме  шылауларының  бірігуінен  жасалады:  аласың  ба, 
келесің бе. 
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз 
болымды,  болымсыз  түрінде  қатысып,  бір-ақ  синтаксистік  мағына 
білдіреді:  Қалаға  барып  келесің  бе?  –  Қалаға  барып  келмейсің 
бе?(барып  келуге  түрткі  болып  тұр). 
Бұйрықты  сөйлемдер.  Бұйрықты  сөйлемдер  біреуді  іске  қосу, 
жұмсау үшін айтылған  пікірді  білдіреді.  Бұйрық мағынасы  сөйлеу 
үстінде  түрліше  реңде    болады.    Осыған    орай  бұл  сөйлемдер  тек 
бұйрық  рай    формасын  ғана  емес,  басқа  формалардың  да  қатысы 
арқылы жасалады.  
1.  Бұйрық  мағыналы  баяндауыштар  етістіктің  жалаң  ІІ  жақ 
бұйрық  рай  тұлғасынан    жасалады:  Көп  сөзді  қайтесің?  Одан  да 
тауығыңа ие бол, - деп күзетті Құрманға тапсырды.   (Қ.Ж.)  
2. І жаққа қатысты бұйрықты  -айын, -ейін, -айық, -ейік формалы 
етістіктен  жасалған  баяндауыштар  білдіреді.  ІІІ  жаққа  қатысты 
бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер 
баяндауыш ретінде жұмсалады.  
3. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы 
баяндауыштардың қатысуымен да құралады: Сен ертең келгін.   
4.  Бұйрықты  тұжырымдылау  етіп  білдіру  үшін  алсаңшы, 
алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады. 
Егіннің  болары  болды  ғой,  онан  да  шөпті  айтсаңшы!  (Қ.Ж.) 
Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д.Д.) 
5.  Бұйрықты  тұжырымды  етіп,  үзілді–кесілді  айту  үшін  ІІ  жақ 
бұйрық  рай  формасына  –  деген  соң  –  болып  құралған  баяндауыш  
жұмсалады.  (Ал  деген  соң  ал)    Шық  деген  соң  шық!  –  деп  таяғына 
жармасты. (Б.М.).    
Етістік  –  деген  соң  -  етістік  немесе  есім  –  деген  соң  –    есім 
болып  құралған  баяндауыш  сөйлеушінің  ойын    өз    тыңдаушысына 
мойындату  үшін  үзілді  кесілді  байлам  түрінде  айтқанда  жұмсалатын 
форма.    
6.  Осы  қызметте  -уші  формалы  есімше  мен  -  болма    көмекші 
сөзінің тіркесінен жасалған баяндауыш та бұйрықты сөйлем жасайды:  
Айтпа, айтпа деймін анаға! Айтушы болма анаға (М.Ә). 
7.  Іске  жұмсауды  тілек,  өтініш  ретінде  айту  үшін  алшы,  келші, 
алайыншы түрінде құралған баяндауыштар қызмет етеді.  
Сен енгізші осы ұсынысты. Осыныда да айта баршы (М.Ә).  
8.  –Айық,  -ейік  тұлғалы  қосымшаға  синонимдік  сыңар  ретінде 
жұмсалатын  –алық,  -  елік  арқылы  жасалған  баяндауыштар  бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет