Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет131/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

баралық, келелік.   


 
198 
9. –Алықшы,-елікші формасы бұйрық өтініш, тілек ретіндегі ойды 
білдіру  үшін  жұмсалады.  Бір  шөбі  қалың,  ойпаңдау  жерге  келгенде 
Бибі «атқан түселікші» дейді.      
10. Бұйрық мағынаны  ауызекі сөйлеу тілінде  ашық райдың келер 
шақ формасы  баяндауыш ретінде жұмсалып  білдіре  алады.  Бүгіннен 
бастап  есігін  ашушы  болмайсың,  олармен  сөйлеспейсің!  Олардың 
бетіне қараушы болмайсың! (Б.М.). 
11.  Ашық  рай  формасындағы  алушы  болмайсың,  бұйрық  райлы 
алушы  болма  қызмет  тұрғысынан  ғана  емес,  құрылысы  жағынан  да 
ыңғайлас.  (-Ушы  –болымды  бол)  болып  құралған  етістік  бұйрық 
мағынада, міндеттеу мағынасында жұмсала алмайды.   
12. Келер шақ етістік – сұраулық шылау ба (бе) болып құралған  
баяндауыштар  іске  қосу  қызметінде  ерекше  жұмсалады:  келесің  бе, 
(осыны)  айтып  барасың  ба  т.б.  Сен  Төремді  шақыртасың  ба, 
жаздыратын  қағаздарым бар еді  (Б.М.).   
Лепті  сөйлемдер  -  сөйлеушінің  эмоциясын    білдіретін 
сөйлемдерді  яғни,  эмоцияның  қатысуына,  қатыспауына  және  
эмоцияны  білдіретін  формалардың  көріну,  көрінбеуіне  негізделген  
сөйлемдер.    
Эмоциялық,  экспрессивтілік  тілдің  барлық  құрылымдық 
бөлшектерінде  көрінеді.  Осыған  орай,  лексикада,  грамматикада  жай 
сөзбен  қатар,    формаларға  сыңар  болып  жұмсалатын  эмоциялық 
тұлғалар да   қатар жүреді. 
Эмоция тудыратын формалар көбіне баяндауыштан көрінеді:    
1.  Субъектіге  тән  сапаны  эмоциялы  түрде  атау  үшін  айтса 
айтқандай,  мықты десе мықты тәрізді баяндауыштар қолданылады.  
Ах, сорлы балам, айтса айтқандай.   
2.  Субъектіге  тән  іс–әрекетке    ерекше  екпін  түсіріліп  
тұжырымдап    айтуда  алғаным  алған,  алғаны  алған  тәрізді
айтатыным  тәрізді  құралған  баяндауыштар  жұмсалады.      Әпкем 
баратыны барады. Ертеңнен қалмайды.   
3.  Компонеттері  да,  де  жалғаулықтары  арқылы  біріккен  күрделі 
баяндауыштар  да  (алды  да  кетті)  эмоциялық  күйді  білдіру  үшін 
қызмет  етеді.  Баяндауыштың  бұл  түрі  ерекше  интонациямен  айтуға 
ыңғайлы: сіресіп қалдым – сірестім де қалдым. 
4. Эмоциялық баяндауыш сын есім – десеңші,  етістік – десеңші 
болып  құралады:  күшті  десеңші,  алады  десеңші.  Бұл  баяндауыштар 
сұраулы  сөз  қатысқан  лепті  сөйлемдер  құрамында  жұмсалады.  Оған 
не жоқ десеңші. 
5.  Етістік  –  дейсің  (деймін),  есім  сөз  –  деймін  болып  құралған 
баяндауыштар да іс–әрекетті эмоциямен атау үшін жасалады: жауды 
дейсің, ұстамын деймін.  


 
199 
6. Эмоциялы баяндауыш –тын, -тін формалы есімше немесе есім 
сөз  және  өзі  есімдігің  бірігуі  арқылы  жасалады.  Сөйлейтіннің  өзі, 
күлегештің өзі. 
7.  Эмоциялы  баяндауыш  отырғанды  шығарды,    алғанды 
шығарды  тәрізді  болып  құралады:  Үнемі  төмен  қарап  отырғанды 
шығарды (Ә.Н.).  
8. –Ған (- ым) тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен тек 
өткен шаққа қатысты іс–әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет  етеді: 
Олардың түрлері де көзіме ыстық көргені бар ма (Б.Момышұлы).  
9.  Эмоциялық  мағына  білдіретін    алмасы  бар  ма  деген  
баяндауыштық  форма  құрылуы  жағынан  предикативтік  қатынасқа 
түсіп байланысып тұрады. Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А.Н). 
 10.  Өткен  шақ  етістіктен  болған  баяндауышқа  эмоциональдық 
сыңар болып келмесін бе тәрізді жасалған баяндауыштар жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет