252
негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық
және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді.
Құрмалас сөйлемнің өзіндік сипатына байланысты айтылатын
тағы бір жайт — құрмалас сөйлеммен жай сөйлемдердің
функциялары туралы. Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай
сөйлем мен кұрмалас сөйлем бір: екеуі де (рас, бірі жалаң бір ойды
екіншісі жеке ойдан құралған күрделі ойды білдіреді) ойды жарыққа
шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара
түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен
езгешеліктері
олардың
сыртқы
құрылыстары
мен
ішкі
мазмұндарында.
Құрамы жағынан алғанда жай сөйлем — жеке мүшелерден
(сөздерден) құралады да, құрмалас — сөйлемдерден құралады,
басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана (мүшелерге)
жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз
ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі — сөз,
екіншісінің мүшесі — сөйлем. Жай сөйлемде бір ғана предикаттық
орталық болса, кұрмалас сөйлемде кем дегенде екеу болады. Бұл —
жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы
жағынан өзгешеліктері, ал бұл екі категорияның бір-бірінен
мағыналық өзгешелігі — олардың бірінің (жай сөйлемнің) жеке бір
ғана ойды білдіріп, екіншісінің (құрмаластың) күрделі ойды
білдіруінде.
Достарыңызбен бөлісу: