Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет17/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196
источник знаний, мұнда бір кітап туралы айтылып тұрған жоқ, жалпы 
кітап туралы айтылған, бірақ ол – жекеше формада. Немесе, собака – 
друг человек, к хвойным относятся сосна, ель, кедр, лиственница т.б. 
Бұл  да  сондай.  Бірақ  орыс  тілінде  сандылық  жекеше,  көпше  түрде 
танылады.  
К.М.Любимов  түркі  тілдеріндегі  зат  есімнің  нөлдік  формасы 
жекешеліктің  формасы  емес,  өйткені  ол  үнемі  контекст,  ситуация 
арқылы анықталады деп, ол түркі тілдерінің аудармалы сөздігінде зат 
есімді жекеше түрде беру дұрыс емес деп, оны әрі жекеше, әрі көпше 


 
33 
түрде  (кітап  –  книга,  книги)  беруді  ұсынады.  Түркі  тілдерінің 
уәкілдері есім сөздің нөлдік формадағы контекссіз, синтагмасыз жеке 
тұрғандағы  қалпын  еш  уақытта  көптік  мағынада  түсінбейді. 
Контексте  жекеше  формада  тұрған  есім  сөздің  объективті  өмірдегі 
затымен  салыстырудың  бәрі  оның  сырын  аша  бермейді.  Мысалға 
жоғарыда  келтірілген  қой  бағады  сияқты  тіркестің  бір  қой  бақса  да, 
көп  қойды  бақса  да,  айтылатыны  рас,  ол  тіпті  көбіне  көп  қоймен 
байланысты  қолданылады.  Ол  орыс  тілінде  де  солай:  пастух  пасет 
овец. Мұның себебі ол тілде де тұтастықта, бірлікте алынады, жекеше 
түсініледі.  Бұдан  грамматикалық  жекешелік  ұғым  бір  санына  жақын 
болғанымен,  онымен  дәл  келуі  міндетті  емес  деген  қорытынды 
шығады.  Оны  мынадан  көруге  болады,  мысалға,  кітапты  бер  деген 
мен  бір  кітап  бер  деген  бір  емес.  Бірінші  мысалда  ол  жекеше  түрде 
айтылған,  сандылық  категориясының  жекеше  түрінің  нөлдік 
формасында тұр, екінші мысалда оның нақтылы саны көрсетілген, ол 
сан  есім  мен  зат  есім  тіркесіне  жатады,  грамматикалық  формаға 
тіркестің  сыңары  жатады.  Ол  (бір)  В.Г.Гусев  пен  Д.М.Насилов 
ұсынғандай жекешеліктің көрсеткіші емес. 
Сандылық  категорияның  осы  ішкі  екі  мағынасының  бірі  арнайы 
морфема  арқылы  беріледі,  ол  –  көптік  мағына,  екіншісі  –  нөлдік 
морфема арқылы беріледі, ол – жекешелік. 
Сандылық 
категориясының 
жекешелік 
мағынасы 
– 
абстракцияланған, грамматикаланған жалпы ұғым, сондықтан ол жеке 
затты  да,  жеке  зат  ретінде  түсінілетін  академик  А.Н.Кононов 
көрсеткен  жалпы  ұғымды  да  қамтуы  мүмкін,  бірақ  мәтіндегі  оның 
негізгі мағынасы көп қолданылатын мағынасы жеке затқа байланысты 
және  оны  –лар  қосымшасынсыз  қолданылған  түбір  сөз  білдіреді, 
анығырақ айтқанда, нөлдік формадағы сөз білдіреді. Оны мына қысқа 
үзіндіден көруге болады. Біз екінші қабаттағы  үйге кірдік. Әдемі бір 
бөлмелі  үй  екен.  Асханасы,  ваннасы  бөлек.  Бөлмесін  жаңа  үлгімен 
жайната  жинап  қойыпты.  Қыз  қолымен  безендірілген  үйдің    жайы 
белгілі  ғой,  суреттерге  де,  стол  үстіне  қойылған  гүлге  де  мін  таға 
алмайсың. Чехословакияда жасалған бір әдемі мебель электр сәулесі 
түсіп,  жалт-жұлт  етеді.  Қыздың  өзі  жататын  тақтасына  таяу, 
терезе алдында диван-кровать қойылған (1. Есенберлин). 
 Бұл келтірілген қысқа үзіндіде 21 рет зат есім (қайталанғанымен 
есептегенде) қолданылған. Соның біреуі ғана көптік мағынада, көптік 
формада  айтылған.  Қалғандары  жекешелік  нөлдік  формада  тұр, 
солардың  екеуінің  ғана  ішкі  мазмұнында  көптік  мағына  бар  деуге 
болады, олар: қол, гүл. Әдетте, олар зерттеулерде көптік мағыналы зат 
есім деп те танылады. Қалған жекешеліктің нөлдік формасындағы зат 
есімдердің  алдында  ешқандай  анықтағыштар  (актуализаторлар)  жоқ, 


 
34 
бірақ  олардың  контексте  жекеше  мағынада  қолданылғанына  ешбір 
күмән жоқ. Осындай жағдайда жекешелік мағынаның  танылуы оның 
нөлдік морфемасын, нөлдік формасын тануды мойындатады. 
Сандылық категорияның мағыналық структурасының бір мүшесі 
– көптік мағына, оның көрсеткіші бары айтылды. Алайда осы көптік 
мағынаның  да  нөлдік  формасы  барын  ескермеуге  болмайды.  Ол  екі 
жағдайда кездеседі:  
1. Тіл білімінде шаш, мұрт, сақал, құм, шөп, қамыс, бидай, тары 
т.б.  осы  сияқты  санауға  келмейтін  заттардың  аты  көптік  мағыналы 
зат  есімдер  деп  танылады,  олар  көптік  жалғауды  қабылдамайды, 
қабылдаса,  ол  басқа  мағыналық  реңк  береді.  Бұларда  көптік  мағына 
танылса,  онда  оның  берілу  жолы,  формасы  да  танылу  керек,  қандай 
мағына  болмасын  белгілі  тәсіл  арқылы  беріледі.  Міне,  бұл  сөздерде 
ол мағынаның  нақтылы қосымшасыз берілуі  теория бойынша нөлдік 
морфемаға жатады. 
2.  Көптік  мағынаның  көршілес  нөлдік  форма  арқылы  берілуі  де 
бар. Бұл қатар қолданылған бірыңғай мүшелердің алғашқыларындағы 
нөлдік  форма,  олардың  қосымшалы  формасы  мен  қашан  да  қатар, 
көрші  қолданылады.  Мысалы:  Ойпат,  ылдилар  шетіне  көз  жетпес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет