Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет18/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196
дария,  көлдерге  айналды.  Ақ  сәлделі,  қолына  тәспі  ұстаған  қожа, 
молдалар  (1.Есенберлин).  Осындағы  ойпат,  дария,  қожа  көптік 
мағынада 
қолданылған, 
бірақ 
көптіктің 
қосымшасы 
сөзге 
жалғанбаған,  қысқартқан  яғни  бұлар  нөлдік  формада  тұр.  Олардың 
көрші  бірыңғай  мүшелері  көптіктің  қосымшалы  формасында 
айтылған. Көптіктің нөлдік формасы тек контекске, бірыңғай мүшеге 
ғана байланысты қолданылады. 
Сандылық  категориясы  да  қарама-қарсылықтағы  екі  мағынадан 
құралғанымен,  оның  әрқайсысының  да  нөлдік  формасы  бары 
анықталды, тек көптік мағынаның нөлдік формамен берілуі өте сирек 
және ол көбіне стильмен байланысты. 
 Жіктеу  жүйесіндегі  нөлдік  форма.  Жіктеу  жүйесіндегі  нөлдік 
форма көбіне 3-жаққа, бұйрық райда 2-жақ жекеше түрге қатысты. 3-
жақтың  қосымшалы  формасы  тек  ашық  райдың  ауыспалы  осы  шағы 
мен келер шағына (барады), бұрынғы өткен шағына (келіпті), бұйрық 
райдың  3-жағына  (келсін)  ғана  қатысты.  Бірақ  қалған  райлардың 
түрлерінде,  қалған  шақтарда,  есім  сөзде  3-жақта    тек  қана    нөлдік 
форма қолданылады.  
 Шартты  райды  алайық,  1967  жылғы  грамматикада  оның  1-2-
жағының  қосымшалары  көрсетіліп,  ал  3-жағы  туралы;  «Үшінші 
жақтың  көрсеткіштері  болмайды»,  -  делінген.  Шартты  райдың  үш 
жақтан  тұратын  жіктеу  парадигмасы  бойынша  әр  жақтың  өзінше 
формасы болатыны сөзсіз. Бірақ оның 1-2-жағының формалары қалай 


 
35 
жасалатыны  көрсетіледі  де,  3-жақта  тек  көрсеткіші  жоғы  ғана 
айтылады.  Шындығында,  оның  3-жағының  жақтық  көрсеткіші 
болмауы  3-жақтық  мағынаның  берілмеуін  емес,  шартты  райдың 
жұрнағынан кейін жіктік жалғауының жалғанбауы етістіктің 3-жақта 
тұрғанын  білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  шартты  райда  түрленген 
етістіктерге жіктік жалғауының  жалғанбауы оның 3-жағының нөлдік 
формасы  болып,  ол  осы  парадигмадан  сөз  формаларының  біріне 
саналады.  
Шартты  райдың  1-2-жақтары  парадигманың  қосымшалы  сөз 
формаларына  жатады  да,  3-жағы  нөлдік  морфема  арқылы  жасалған 
нөлдік формаға жатады. Мысалы: Ал халқың  болмаса, оның тілі, ән-
күйі  әдемі дәстүрі  болмаса, онда адам болып өмір сүрудің не қажеті 
бар.  Халқы  бақытсыз  болса,  өз  бақытын  көрмейді.  Халқы  бақытты 
болса,  өзінің  бақытсыздығын  елемейді  (І.Есенберлин).  Бұл 
сөйлемдерде  4  жерде  шартты  райдың  3-жағының  нөлдік 
формасындағы  етістік  қолданылған.  Олардың  нөлдік  формада 
тұрғанын  шартты  райдың  жұрнағынан  кейін  жіктік  жалғауының 
жалғанбағанына  қарап  ажыратамыз.  Рай  формасындағы  етістік  3-
жақтың  бірінде  тұруы  –  шарт.  Жоғарыдағы  етістіктер  шартты  райда 
тұр,  бірақ  оларда  көзге  көрінетін  жақтық  көрсеткіш  жоқ.  Сөз 
құрамында  жіктік  жалғаудың  жоқтығы,  оның  3-жақтың  нөлдік 
формасы екенін көрсетеді. Егер олар 1-2-жақтың формасында тұрған 
болса,  онда  сол  жақтардың  қосымшалы  формалары  қолданылған 
болар  еді.  Парадигмада  нөлдік  форма  тек  3-жаққа  ғана  қатысты, 
сонымен  бірге  олар  3-жақтағы  бастауышпен  қиысып,  3-жақтың 
мағынасын  білдіріп  тұр.  1-2-жақтардың  қосымшалы  формаларымен 
салыстыру арқылы оған қарама-қарсы шартты райда жіктік жалғаусыз 
қолданылған парадигмалық  қатардағы форманың бір түріне жататын 
ол жіктеу жүйесінің нөлдік формасы болады. 
Тілімізде  3-жақтың  қосымшалы  формасының  қолданылуынан 
гөрі, оның  нөлдік формасының  қолданылуы көбірек  орын алады.  Ол 
елегізи қалды. Өйткені ақын ағаның аузына соңғы кезде өлім туралы 
сөз көбірек түсіп  жүргенін байқаған. Бұл жолы да ұстазы сол әдетіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет