266
ол тиянақты формада (бұйрық, қалау не ашық рай формаларында)
айтылады.
Салыстырмалы салалас сөйлем. Салыстырмалы салалас сөйлем
құрмаластың бір түрі ретінде осы оқулықтың бірінші басылымынан
бері қарай ғана қолданылып келеді. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің
бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі
түрлі субьектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін
салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Салыстырмалы салалас
сөйлем мақал, мәтелдерде жиі кездеседі. Мысалы:
Саналы
адам,сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас.
Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Жақсы
байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге ешкім
жетпес, ынтымақсыз елдің өкініші кетпес. Тозар елдің жанжалы
бітпес, озар елдің арманы бітпес. Мысалдағы сөйлемдердің бір
компонентінде жақсылықтың ізгі қасиеті, жақсылығы, артықшылығы
айтылса, екінші компонентте оған жамандықтың жағымсыз
нәтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла сағастырылған.
Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрі бірдей бұлай
болып келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған
екі түрлі заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің жай-күйін жай ғана
қатарластыра баяндайды. Мысалы:
Қарағайға қарап тал өсер,
қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз
бұзар. Өнер – ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып жатқан шырақ. Кең
киім тозбайды, кеңесті ел азбайды. Көп қорқытады, терең
батырады. Ата көрген оқ жонар, ене көрген тон пішер. Міне,бұл
келтірілген мысалдағы сөйлемдер декомпонентте баяндалған іс-
әрекеттің ешқайсысына жоғарыдағыдай артықшылық мән бермейді.
Бір-біріне анология ретінде алынған субьектілердің қайсысының
қандай қасиеті барлығы, қайсысы қандай әрекет жасай алатындығы
баяндалады. Сөйтіп, мұндағы салыстырудың, теңдестірудің,
анологияның
негізгі
компоненттері
субьектілерінде
болады.
Мысалдағы сөйлемдерде бір-біріне анология ретінде алынып
отырғандар: тал мен бала, су мен сөз, өнер мен ілім, кең киім мен
кеңесті ел, көп пен терең т.б. Бұл субьектілердің әрекеттері өзара
теңестіріліп, бір-біріне ұқсастырыла, анология ретінде баяндалады:
Тау мен тасты су қалай бұзса, адамзатты сөз де солай бұзады.
Қарағайға қарап талдың өсетіні сияқты қатарына бала да өседі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: