270
ауырлап қалыпты («Лениншіл жас»).
Үй іші тынышталған кезде,
есік қақты біреу (Ғ.Мұстафин).
Есімшеден жасалған баяндауышқа
–ша, -ше жұрнағы жалғану
арқылы да сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы жасалады:
Асығып-үсігіп келгенімше, хатшының кеңсесінде мәжіліс басталып
кетіпті. (Газеттен)
-Дай/-дей жұрнақтары да есімшеге жалғану арқылы сабақтас
құрмалас сөйлемнің баяндауышы болады:
Жаз шыбыны қысылар,
Үстінен зіл басқандай (Абай).
Меңгеріле
байланысқан
есімшелі
сабақтас
құрмалас
сөйлемдердің жасалуында да септік жалғауларымен түйдектелген
шылаулардың қызметі еркін. Барыс септік арқылы:
Баласы жақсы
оқығанға дейін, әкесі абыржумен болды («Жұлдыз»).
Жатыс септік арқылы:
Деревняның шетіне таянғанда, бұл үйге
Достарыңызбен бөлісу: