72
Т. Кімді, нені, неменені, қайсыны.
Ж. Кімде, неде, неменеде, нешеде, қайда, қайсыда, қаншада.
Ш.Кімнен, неден, неменеден, нешеден, қайдан, қайсыдан,
қашаннан, қаншадан.
К. Кіммен, немен, неменемен.
Тәуелдік жалғауы сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана
бермейді.
Қай, қашан, неше, қалай есімдіктері мүлде тәуелденбейді.
Ал
қандай есімдігі тек III жақта ғана тәуелденеді.
Кейбір сұрау есімдіктері жіктеледі. Сондай-ақ барлық сұрау
есімдіктері де көптік жалғауын қабылдап, түрлене алмайды. Тек
кім,
не, неше, қандай есімдіктері көптеле алады. Қазіргі қазақ тілінде
қані
деген сұрау есімдігі бар. Мысалы: Менсіз барып бітірген ісің
қані.
Осы
есімдік әні, міне сілтеу есімдігімен ыңғайлас келеді.
Сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіретін, бәріне бірдей
ортақ грамматикалық белгі болмайды. Олар тек белгілі бір формалар
мен қызметтер арқылы бірігеді.
Сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі
- олардың
сұраулық мәні, сұрау қалпында қолданылуы.
Сұрау есімдіктері негізінен сөйлем ішінде сұрау мағынасын
тудыру мақсатында жұмсалады.
Бұл баланы қалай оқытуым керек?
Кейде сұрау есімдігі сөйлемде қосарланып та айтылады. Мұндай
қолданыста сұрау мағынасынан гөрі саралау, жекелеу мәні басым
болады.
Үйге кім келді?
Қайсың келдің?
Сөйлемнің мағыналық ерекшелігіне қарай және қолдану
өзгешелігіне сәйкес сұрау есімдіктері кейде сұрау мәнін бермейтін
кездер де болады. Мысалы: Ырысты, еркін, азат елім қандай, Кең
байтақ, кең дәулетті жерім қандай. Осы сөйлемдегі
қандай сөзі сұрау
мағынасын емес, адамның көңіл-күйін білдіріп, экспрессивтік мағына
беріп тұр.
Сұрау есімдіктері өзінің сұрау мағынасынан алшақтап, контексте
айтылатын қызметіне қарай заттар мен құбылыстар, амал, мекен,
мезгіл ұғымдары дәрежесінде қолданылатын кездері де болады.
Ондай қолданыста сұрау есімдіктері өзіне жауапты керек етпейді, ол
жауап сұрау есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін заттық
және белгілік, мекендік не мезгілдік мағыналарының аңғарылуы
арқылы беріледі. Мысалы: Қызыққан кісің
кім, оны мына Жиренше
танытты. Құдіретімді
кім қостаса, досым, жаным сол. Осы
сөйлемдерде сұрау есімдіктері сұрау мағынасын емес, қатыстық
мағынаны беріп тұр. Есімдіктердің бұлай қолдануы, әсіресе, құрмалас
сөйлемдер жүйесіне тән. Соның ішінде шартты бағыңыңқылы
сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуында мол кездесіп отырады.
73
Сөйлем ішіндегі орны жағынан сұрау есімдіктері тікелей
баяндауышқа тете тұрады, себебі білуді мақсат етіп, сұрау қойған кісі
сұраулы сөзге жауап беруші адамның назарын аударады. Сұрау
есімдіктері көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те
/барлығы болмағанмен/ қолданылатын болғандықтан, олар сөйлемнің
барлық мүшесі қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: