82
Етістік сөйлем құрылысына не сөз тіркесіне түскенде өзінің
категорияларының формаларын қабылдайды. Етістік тек бір ғана
категорияны қабылдап тұрмайды. Категорияларға бай болғандықтан,
бұл сөз табы бірнеше категориялардың формасында тұрып, олардың
әрқайсысының
мағынасын
да
білдіруі
жиі
кездеседі.
Категориялардың көрсеткіштері түбірге тікелей жалғана береді. Бұл
қағидаға қайшы келетін тек жақ категориясының көрсеткіштері. Түркі
тілдерінде жақ категориясының көрсеткіштері түбір етістікке тікелей
тіркесе алмайды, себебі ол раймен байлаулы. Рай қимыл-әрекеттің
шындық өмірге қатысын білдірсе, сол қимылдың иесін жақ білдіреді.
Рай мен жақ көрсеткіштері етістікке үнемі қатарласа жалғанады.
Мәселен, бұйрық райда (келсін, кел-ің-дер, кел-іңіз), нақ осы шақта
(отыр-мын, отыр-сың, отыр-сыз).
Түбір етістікке бірінші болып етіс формасы жалғанады. Мысалы,
ал-дыр-ма, әкел-дір-мек, ет-кіз-е-ді. Етістен кейін түбірге көрініс
немесе сипат категориясы жалғанады. Сипат категориясы
тюркологияда біраз даулы талас тудырған категория. Ғалымдардың
бірсыпырасы, тіпті басым көпшілігі бұл категория қазақ тілінде жоқ
деп есептейді. Бірақ, профессор Н.Оралбаев 1971 жылы осы сипат
категориясы
бойынша
докторлық
диссертация
қорғап,
ол
категорияның қазақ тілінде бар екендігін дәлелдеді. Бұл категория
бойынша етіс жұрнағынан кейін қимылдың өту сипаты көрінеді.
Яғни, етістікте алдымен қимылдың объектісі мен субъектісі
көрсетіліп, содан кейін ол қимылдың қалай жасалғанын білдіреді.
Мысалы,
айтқыза сал, оқыта бер деген етістіктерді алып қарайық.
Негізгі қимыл айту және оқыту. Оны біреуге жасату мағынасы және
бар. Бірінші етістікте сол қимылды жасауды немқұрайлы формада
жасау мағынасы болса, екіншісінде ол қимылды жасауды әрі қарай
жалғастыру мағынасы жатыр. Осыдан көрініп отырғандай әрбір
етістікте екі категорияның көрсеткіші бар. Оның алғашқысы етіс
категориясы, ал соңғысы қимылдың өту сипаты, сипат категориясы.
Сипат категориясын тіл білімінде
акционсарт деген терминмен
белгілеп жүр. Орыс тіл білімінде оны
«категория характера
Достарыңызбен бөлісу: