78
бозторғайдай қөрінеді. Шырылын естіп, аяп келеді. Арашалар еш
дәрмені де жоқ. Түсінде бастырылыққандай қай бір үні шығар емес.
Алды-артын ойланса, бұған болысар да бір жан жоқ екен. Міне, жетім
де жалғыз, панасыз да қорғансыз. (Ғ.Мүсірепов.)
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің
тірлігім- сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер
түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана
тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Өз
күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған
бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.
Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Осының бәрін ешқайдан
тапқан жоқпын, мұның бәрі тілімде бар.
Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте қиын, сенің
алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де
қиын оларды, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе,
шіркін! (Р.Ғамзатов.)
Достарыңызбен бөлісу: