84
Етістіктің болымды мағынасының арнайы көрсеткіші жоқ дедік.
Сондықтан оның орны туралы да сөз болуы мүмкін емес. Ал
болымсыз форманың орны көрсетілуі керек. Болымсыздық
формалары рай, шақ, көсемше, есімше, тұйық етістік формаларының
алдында, етіс формасынан кейін орын алады.
Енді етістіктің есім сөздерден айырмашылығы. Етістіктер мен
есімдердің бір–бірінен түбегейлі айырмашылығы бар екендігі жеке-
дара тұрғандығынан гөрі сөйлем ішінде, сөз тіркесі құрамында анық
көрінеді.
1.Сөз
жоқ, есім сөздер мен етістіктердің арасындағы
айырмашылық – біріншіден, лексикалық мағынасынан көрінеді.
Етістік – қимылды динамикалық тұрғыдан беретін сөз табы.
Етістіктер тек іс-әрекетті көрсетіп қана қоймай, оның мезгілін,
жекеше-көпшесін, объектінің субъектіге қарым-қатынасын т.б.
көптеген мағыналарды береді.
2. Етістікке тән ерекшеліктердің бірі – категорияларының көптігі.
Атап айтатын болсақ, сабақтылық және салт етістілік формасы, етіс,
сипат категориялары, болымды-болымсыздық категориясы, тұйық
етістік формасы, әсіресе, шақ, рай, жақ категориясы. Сабақты және
салт етістік, етіс, жақ, шақ, рай категориялары етістікті есімдерден
көрсететін бірден–бір белгі.
Етістік есімдердің категорияларын да қабылдай алады. Септік,
көптік, тәуелдік категориялары (зат есімнің) етістікке де аса жат емес.
Зат есімге қарағанда етістікте байқалатын бір ерекшелік – олар жіктік
жалғауын түбір күйінде тұрып қабылдай алмайды. (Бұл жерде тұр,
жүр, отыр, жатыр секілді қалып етістіктері ғана қабылдай алады деп
айтуға болады).
3. Бұл айырмашылық тек мағыналық не грамматикалық
ерекшелігінен көрініп қоймайды. Синтаксистік қызметінде де елеулі
айырмашылық бар. Етістік баяндауыш пен пысықтауыш жасауға аса
ыңғайлы келеді. Ал есімдер бастауыш, анықтауыш, толықтауыш,
пысықтауыш болуға бейім.
Міне, осындай ара алшақтықтарын айта отырып, біз, есімдер мен
етістіктердің арасындағы тығыз байланысты жоққа шығара алмаймыз.
Мысалы, сөз тудыру процесі. Белгілі бір тәсілдер арқылы есім сөздер
етістікке, керісінше, етістіктер есім сөздерге айналып жатады. Бұл
процесс – негізгі сөздік құрамның молаюына, толығуына, содан тілдің
қызметінің жан-жақты кеңеюіне себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: