97
Сондай-ақ,
еді, екен көмекші етістіктері де қалып етістіктеріне
түбір тұлғасында тұрған күйінде тіркесе алады. Мысалы:
отыр еді,
отыр екен, тұр еді, тұр екен, жатыр еді, жатыр екен т.б.
Төртіншіден, тұлғалық құрамы жағынан да қалып етістіктері
басқалардан оқшауланады. Басқа толымды көмекші етістіктер және
негізгі етістіктер түбір тұлғалы күйінде тек екінші жақ бұйрық рай
формасымен сәйкес келеді. Ал қалып етістіктері әрі ІІ жақ бұйрық рай
формасымен, әрі ІІІ жақ ашық рай формасымен сәйкес келеді.
Мысалы,
сен отыр, сен жүр, сен тұр, ол отыр, ол жүр, ол тұр. Тек
жат формасы ғана –ыр қосымшасын қабылдамай, бұйрық райдың ІІ
жағында
сен жат түрінде келеді.
Бесіншіден, қалып етістіктері өзгелік етіс көрсеткішінен басқа
етіс формаларын қабылдамайды. Ал
жатыр қалып етістігі етіс
формаларын мүлде қабылдамайды.
Алтыншыдан, қалып етістіктері жетекші қызмет атқарғанда да
көмекші қызмет атқарғанда да осы шақтың мағынасын білдіреді. Ал
басқа етістіктер осы шақ мағынасын тек арнаулы қосымшалар қосу
арқылы бере алады. Мысалы,
жерде отыр, жазып отыр, үйде жүр,
оқып жүр т.б.
Осы келтірген ерекшеліктер – қалып етістіктерінің семантикалық
және морфологиялық сипаттарына қатысты жалпы және жалқы
қағидалар.
Салт етістік және сабақты етістік. Қимылдың объектіге
қатысты болып келуіне қарай етітіктің түбірлері сабақты және салт
етістіктер болып екі топқа бөлінеді. Етістіктердің барлығы субъекті
жасайтын амал-әрекетті немесе процесті білдіреді. Осы процесте амал
не іс-қимыл объектіге тікелей тіреліп, яғни сабақталып, немесе іс-
қимыл объектіге тірелмей, жанай жүзеге асырылады.
Етістіктің салт және сабақты болып бөлінуі оның жалпы
грамматикалық семантикасына байланысты. Кейбір етістіктер
предикаттық қызметте жұмсалғанда, объектінің тура толықтауыш
болып келуін, яғни табыс септікті сөз болып келуін талап етеді. Ал
етістіктердің екінші бір тобы табыс септікті сөздің келуін қаламай-ақ,
оған салт күйінде жалғана береді. Мысалы,
Сен ауылды көр де, тез
Достарыңызбен бөлісу: