93
және соған қимыл иесінің бейімделуін білдіреді: жазғалы отыр,
қайтқалы жатыр, кеткелі жүр т.б.
4.Қалау мәнді күрделі етістіктер. Алдыңғы сыңары –ғы, -гі, -қы, -
кі формалы қимыл есімі тәуелді формада келіп, соңғы сыңары кел
көмекші етістігінен тұрады:
барғым келеді, барғың келеді, барғысы
келеді т.б.
Алғашқы басылымдағы академиялық грамматикада да күрделі
етістіктерді түрге бөледі. Онда көсемше формасының түріне
байланысты үшке бөледі де, соңғы форманы мүлде бермейді.
Шынында да, күрделі етістіктердің түрі құрамына қарай және
грамматикалық мағынасына қарай бөлінеді. Құрамына қарай күрделі
етістіктер үшке бөлінеді:
1. Есімдердің, еліктеуіш сөздердің көмекші етістіктермен тіркесуі
арқылы жасалған тіркесті түбір етістіктер.
2. Еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған күрделі
формалар.
3.Көсемше формалы етістіктер мен көмекші етістіктердің тіркесуі
арқылы
жасалған
күрделі
формалар.
Ы.Мамановтың
классификациясы осы соңғы күрделі формаларғар сәйкес берілген.
Демек, көсемше формалы емес күрделі форманы осы түрге саю дұрыс
емес. Күрделі етістіктің құрамындағы алғашқы сөзді жетекші етістік
деп, соңғы сыңарын көмекші етістік деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: