Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет68/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

жетпейінше 
қозғалма 
деген 
сөйлемдердегі 
ойламайынша, 
жетпейінше  деген  сөздер  көсемшенің  қызметін  атқарып,  көсемше 
болып тұр. 
Сонымен,  көсемше  өзіндік  ерекшеліктері  бар  етістіктің  дербес 
грамматикалық  категориясы  болып  табылады.  Оларға  мынадай 
ерекшеліктер тән: 
1.Көсемше  тұлғалы  етістік  дара  тұрып  дербес  мән  береді  де, 
көбінесе сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. 
2.Күрделі 
етістіктің  жетекші  сыңары  үнемі  көсемшенің 
формасында болып келеді. Мұны аналитикалық форма деп атайды. 
Тюркологияда  есімше  мен  көсемшені  араластырып  жіберу, 
олардың  арасын  ажырата  алмаушылық  кездесіп  отырады.  Оларды 
араластырмас  үшін  екеуінің  арасындағы  айырмашылықтарды  білу 
керек. Ол айырмашылықтар мыналар: 
1.  Есімшелерде  шақтық,  райлық  мағына  анық  болады,  ал 
көсемшелерде  олай  емес.  Көсемшелде  шақ  мағынасын  контекс 
белгілейді. 
2.  Есімшенің  сөйлемдегі  басты  қызметі  анықтауыш  болса, 
көсемшенің баста қызметі пысықтауыш болу. 
3.  Есімше  жалғаулардың  барлық  түрін  қабылдаса,  көсемше  тек 
жіктік жалғауын ғана /онда да бәрі емес/ қабылдайды. 
4.  Көсемшенің  жұрнағы  бір  сөз  құрамында  екі  рет  келмейді.  Ал 
есімшенің формасы екі рет келуі тілімізде кездесіп отырады. Мысалы, 
барғансыған, оқитынсыған, оқитынситын т.б. 
Қимыл атау категоиясы. Бұл категорияны тіл білімінде әр түрлі 
атаумен  атап  жүр.  Оны  көбінесе  тұйық  етістік,  кейде  тұйық  рай,  ал 
соңғы  кездері  қимыл  атауы  немесе  қимыл  есімдері  деп  атап  жүр. 
Дұрысы, қимыл атуы категориясы. 
Қимыл  атауы  барлық  етістіктерге  /негіздерге,  етіс  тұлғаларына, 
күрделі  етістіктерге,  болымсыз  формаларға/  -у  аффиксі  жалғану 
арқылы қалыптасады. 
Етістіктер  заттың  іс-әрекетін,  қимылын  білдірсе,  осы  қимылдың 
атын  қимыл  есімдері  білдіреді.  Яғни,  етістіктің  атауы  болып 
табылады. Мысалы, ал-у, бар-у, көр-у, жығылып қал-у, көрін-у, бол-у, 
болма-у, келме-у т.б. 
Қимыл  атауы  іс-әрекеттің  нақты  қимылын,  процесін  білдіре 
алмайды, тек оның  атауы ретінде ғана қызмет  атқарады. Сондықтан, 
оны рай категориясына кіргізіп, тұйық рай деп қарауға болмайды. 
Қимыл  есімі  негізінен  семантикасы  жағынан  да,  түрленуі 
жағынан  да  етістіктен  гөрі  зат  есімге  жақын  келеді.  Қимыл  есімдері 


 
114 
өзге  етістіктер  сияқты  жіктік  жалғауын  қабылдамайды.  Сондай-ақ, 
етістікке  тән  есімше,  көсемше,  рай,  шақ,  жақ  формалары  қимыл 
атауына тікелей жалғана алмайды. Қимыл атауларына есімдер сияқты 
септік, тәуелдік, көптік жалғаулары жалғана береді. 
Етістіктен  қимыл  есімнің  формасы  арқылы  туған  кейбір  сөздер 
қимыл 
атауы 
ретінде 
қолданумен 
қатар 
субстантивтеніп, 
адъективтеніп  зат  есім,  сын  есімдер  қатарына  көшкен.  Бұл  құбылыс 
әлі  де  жүріп  жатыр.  Мысалы,  бұрау,  жамау,  егеу,  тісеу,  жазу,  оқу, 
кебу /отын/, түзу /жол/, жібу т.б. 
Қимыл  атауына  өнімді  сөз  тудыратын  зат  есімнің  жұрнақтары 
жалғанып  /-лы, -сыз,  -шы, -лық, -шылық,  -ыш, -дай/  туынды есімдер 
жасала  береді:  жазулы,  байлаулы,  айтушы,  жазушы,  жалғаулық, 
түйреуіш, жазушылық т.б. 
Зат  есімге  айналған  қимыл  есімдерін  Ы.Е.Маманов  мынандай 
топтарға бөледі: 
1.Үй  бұйымдары  және  құрал-сайман  аттары:  жабу,  қашау,  егеу, 
сабау, тіреу, бояу, көсеу т.б. 
2.Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, күзеу, бастау, асу т.б. 
Дерексіз ұғымды білдіретін зат есімдер: үстеу, қалау рай, жалғау, 
шылау. 
Рай  категориясы.  Етістік  қимылды,  іс-әрекетті  білдіретіндіктен, 
сөйлемде  көбінесе  әрекет  иесінің  пікірі,  іс-әрекеті  шындыққа 
қаншалықты  қатысты  екенін  көрсетіп,  модальділік  мәнге  ие  болып 
отырады. Мұны етістіктің райлары дейді.  «Ауа райы»  деген тіркесте 
де,  байқасақ,  ауаның  райы,  яғни  мінезі  туралы  мәлімет  береді. 
Ендеше,  етістіктің  райы  дегеніміз  әрекеттің  мінезі,  яғни  бір  нәрсені 
қалау,  бұйыру,  шарт  қою  дегенді  білдіреді.  Қазақ  тілінде  етістіктің 
төрт райы бар: шартты рай, бұйрық рай, қалау рай, ашық рай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет