Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет69/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Шартты  рай  қимылдың,  іс-әрекеттің  болу-болмауы  шартын 
білдіріп,  етістік  түбірлерге,  етістіктің  етіс,  күшейтпелі,  болымсыз 
етістік  тұлғаларының  үстіне  -са,  -се  жұрнағы  жалғану  арқылы 
жасалады да, жіктеліп қолданылады: бар-са, кел-се, сөйле-се т.б. 
Бұйрық  рай  қимылдың,  іс-әрекеттің  орындалу-орындалмауында 
біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. 
Бұйрық  райдың  арнаулы  жұрнағы  жоқ.  Сондықтан  бұйыру  түбір 
етістіктің  өзінен  көрінеді:  кет,  кел,  сөйле  т.б.  Ал  бұйрықтың  кімге 
бағытталғанын  білдіру  үшін  бұйрық  сөзге,  яғни  етістікке  тікелей 
жіктік жалғауы жалғанады.  
Қалау  рай  айтушының  қимыл,  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға 
бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын, үмітін білдіріп, етістік түбірлері 
мен  етіс,  күшейткіш,  болымсыз  етістік  тұлғаларына  -ғы,  -гі,  -қы,  -кі 
қосымшалары жалғанып, олардың үстіне тәуелдік жалғауы -м, -ң, -сы, 


 
115 
-мыз,  -міз,  -лары,  -лері  қосылып  кел  көмекші  етістігі  тіркесіп  немесе 
етістік  түбір  –са,  -се  игі  еді,  -ғай,  -гей,  -қай,  -кей,  еді  ,  -са,  -се  екен 
тәрізді күрделі форматтар арқылы жасалады: бар-ғы-м келеді, бар-ғы-
сы  келеді,  бар-ғы-мыз  келеді,  бар-ғы-лары  келеді  немесе  бар-ғай  еді, 
бар-са екен т.б.  
Ашық  рай  қимылдың,  іс-әрекеттің  белгілі  бір  мезгілде  болу-
болмауын  нақты  көрсетіп,  осы,  өткен  және  келер  шақта  тұрады. 
Сондықтан  ашық  рай  етістіктің  шақ  категориясынан  көрінеді.  Олар 
қазақ тілінде үшеу: осы шақ, келер шақ және өткен шақ. 
Осы  шақ  қимыл-әрекеттің  дәл  осы  кезде  болып  жатқанын  және 
үнемі  қайталанып  болып  жататынын  білдіреді.  Осыған  байланысты 
нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді: 
Нақ  осы  шақ  қимыл-әрекеттің  дәл  осы  кезде  болып  жатқанын 
білдіреді  де  «жатыр»,  «отыр»,  «жүр»,  «тұр»  деген  қалып 
етістіктері арқылы жасалады: оқып отыр, сен тұрсың.  
Ауыспалы  осы  шақ  қимыл-әрекеттің  үнемі  қайталанып  болып 
жататынын  білдіреді:  Келемін  тау  ішінде  өлеңдетіп  дегендегі 
«келемін» сөзі «келе жатырмын» дегенді білдіріп тұрғандықтан, оны 
ауыспалы  осы  шаққа  жатқызамыз.  Қош  бол,  бақыт  құс,  қимай  сені 
барамын дегендегі барамын сөзі де дәл осылай ауыспалы осы шаққа 
жатады.  Сонымен,  көріп  отырғанымыздай,  ауыспалы  осы  шақ 
етістіктің түбіріне  -а, -е, -й көсемше жұрнағы жалғанып, оған жіктік 
жалғауы қосылуы арқылы жасалады (кел – түбір етістік,  – көсемше 
жұрнағы, -мін – жіктік жалғауының толық түрі). 
Келер  шақ  қимыл-әрекеттің  келешекте  болатынын  білдіреді. 
Оның  үш  түрі  бар:  ауыспалы  келер  шақ,  болжалды  келер  шақ, 
мақсатты келер шақ. 
Ауыспалы келер шақ мына жұрнақтар арқылы жасалады: а) -а, -е, 
  көсемше  арқылы.  Мұнда  ауыспалы  келер  шақ,  жоғарыда 
көрсеткеніміздей,  Келемін  тау  ішінде  өлеңдетіп  деген  сияқты  осы 
шақ  мағынасымен  қатар,  «ертең»,  «келесі  жылы»  деген  сөздерді 
қойсақ,  Ертең  келемін  тау  ішінде  өлеңдетіп  болып,  келер  шақ 
формасын  көрсетеді.  Осындай  етістік  тұлғасы  өзгермей-ақ  тіркескен 
сөздеріне  байланысты  осы  және  келер  шақта  ауысып  қолданыла 
беретін болғандықтан, бұларды етістіктің ауыспалы келер шағы дейді. 
ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін есімшесі арқылы. Мұнда да дәл осылай 
Бар-атын  болды  десек,  келер  шақты,  Бар-атын  болған  десек,  өткен 
шақты  білдіреді.  Өйткені  тіркескен  сөзде  (болған)  есімшенің  өткен 
шақты  білдіретін  -ған  жұрнағы  бар.  Мұндай  жағдайда  етістіктің  қай 
шақта  тұрғандығын  анықтау  үшін  олардың  сөйлемде  берілген 
мағынасына қарай анықтау керек, егер осы шақты білдіріп тұрса, осы 
шақ, келер шақты білдіріп тұрса, келер шақтағы етістік болады. 


 
116 
Болжалды  келер  шақ  іс-қимылдың  келешекте  болу-болмауын 
сенімсіз түрде болжап көрсетеді де -ар, -ер, -с болжалды келер шақты 
білдіретін  есімше  жұрнақтары  арқылы  жасалады:  бар-ар,  кел-ер, 
сөйле-р, берме-с т.б. 
Мақсатты келер шақ іс-қимылдың келешекте жүзеге асуын, яғни 
орындалуын айтушы өзіне мақсат етіп қояды да, есімшенің мақсатты 
келер  шақты  білдіретін  -мақ,  -мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек  жұрнақтары 
арқылы жасалады: бар-мақ, кел-мек, сөйле-мек т.б. 
Өткен  шақ  іс-қимылдың  бұрын  болып  кеткендігін  білдіреді.  Ол 
да  үш  түрлі  жасалады:  ауыспалы  өткен  шақ,  бұрынғы  өткен  шақ, 
жедел өткен шақ. 
Ауыспалы  өткен  шақ  ә)  -атын,  -етін,  -йтын,  -йтін  есімшесі 
арқылы  жасалады.  Бұл  да  бірде  келер  шақ,  бірде  өткен  шақты 
білдіретін  болғандықтан,  ауыспалы  келер  шақ  делініп  аталады. 
Жоғарыда келтіргеніміздей, Бар-атын болды десек, келер шақты, Бар-
атын болған немесе бар-атын-мын десек, өткен шақты білдіреді. 
Бұрынғы  өткен  шақ  бұрын  болып  өткен  әрекетті  білдіреді. 
Жасалу жолы мынадай: -ып, -іп, -п көсемше және -ған, -ген, -қан, -кен 
есімшенің  өткен  шақты  білдіретін  жұрнақтарының  түбір  етістікке 
жалғанып,  одан  соң  жіктік  жалғауының  толық  түрі  келеді:  бар-ып-
пын, кел-іп-сің, бар-ған-сың, кел-ген-сің т.б. 
Жедел  өткен  шақ  жақын  арада  болған  қимылды  білдіреді.  Ол 
етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы 
жасалады: бар-ды, кел-ді, сөйле-ді, келме-ді т.б.   
Ескерту: жедел өткен шақтың -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы мен -ды, -
ді, -ты, -ті жіктік жалғауын былай ажыратамыз: егер осы қосымшалар 
етістікке тікелей жалғанса, жедел өткен шақтың жұрнағы болады: бар-
ды:  бар  –  түбір  етістік,  -ды  –  жедел  өткен  шақ  жұрнағы.  Ал  етістік 
түбіріне  -ып,  -іп,  -п  және  -а,  -е,  -й  көсемше  жұрнақтарынан  кейін 
жалғанса,  жіктік  жалғауы  болады:  бар-а-ды:  бар  –  түбір  етістік,  -а  – 
көсемше жұрнағы, -ды – жіктік жалғауы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет