125
ә) сөздердің қосарлануы арқылы қалыптасқан күрделі туынды
үстеулер. Мысалы, көзбе-көз, бетпе-бет, әрең-әрең, үсті-үстіне,
сөйлей-сөйлей, көре-көре т.б.
б) жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде
үстеу мағынасын беретін күрделі тіркесті туынды үстеулер. Оларды
екіге бөлеміз:
1) Жай тіркестер: күні кеше, күні бүгін, ала жаздай, оқи келе? Ала
сала, алдын ала т.б.
2) Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ
астынан, түн баласында, елден ала бөтен, құлан таза т.б.
Үстеулердің мағыналық топтары. Қазақ тіліндегі сөз
таптарының бірі саналып, сөз табы ретінде бір категорияға
топтастырылып
келгенімен,
үстеулер
өз
ішінен
көптеген
ерекшеліктерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан да бір текті емес.
Үстеулердің баста белгісі болып семантикалық бірыңғайлығы,
мағыналық ерекшелігі алынады.
Үстеулердің мағыналары түрлі-түрлі болып келеді. Кейбір
үстеулер контексте келуіне орай бірнеше мағынаны да бере алады.
Мысалы, мына екі сөйлемді алайық:
Ол сонда ғана әнін тоқтатып,
Достарыңызбен бөлісу: