Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет92/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2)  Көп  мәнді  одағайлар.  Бұл  топқа  екі-үш  не  одан  да  көп  мәнде 
жұмсалатын  сөздер  жатады.  Пәлі//бәлі  одағайы  үш  түрлі  мәнде 
қолданылады:  а)  Біреудің  іс-әрекетіне  не  сөзіне  риза  болып,  оны 
қоштау,  қолпаштау,  көтермелеу  мақсатымен  айтылатын,  шаттық, 


 
142 
қуаныш,  таңдану  мәнінде  жұмсалады.  Уа,  пәлі,  нағыз  әнші  мұнан 
шықты (Нұрпейісов). Іс шықса, Баршагүлден шығады демеп пе едім? 
Иә, иә, пәлі, қарағым! (Сланов).  
ә)  Біреудің  сөзін  жақтырмай,  наразылық  мағынасында 
жұмсалады.  –  Жарайды,  аңшы-ақ  екенсің!  Осындай  тоқ  итпен  аңға 
шыға ма екен?!  
- Көп тоқ емес-ті! 
- Бәлі, мынау не? Бүйірін қарашы! (Әуезов). 
Одағай  сөздердің  интонациялық  ерекшеліктері.  Одағай  сөздер 
басқа  сөз  таптарымен  салыстырғанда,  әуезділікке,  ырғаққа, 
эмоционалдық  құбылмалылыққа,  интонацияға  өте  бай.  Олар  көркем 
шығарма  тілінде  (әсіресе  диалогтерде)  көп  кездеседі.  Ал 
публицистика,  ғылыми  стильде  жазылған  шығармаларда  сирек 
қолданылады.  Одағайлар  кейде  бір  ғана  дыбыстан  да  тұрады.  Қазақ 
тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  бәрі  бірдей  одағай  мағынасында 
жұмсала бермейді. Дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана 
одағай  мәнінде  жұмсалады  да  ұ,  ү,  у,ө,  і  дыбыстары  одағай  жасай 
алмайды.  Ал  ы  дыбысы  одағай  қызметінде  сирек  кездеседі  (ы-ы-ы, 
солай де!). 
Грамматикалық 
ерекшеліктері. 
Одағайлар 
– 
негізінде 
түрленбейтін  сөздер  тобы.  Одағайлардың  өзіне  ған  тән  жұрнақтары 
жоқ.  Олар  субстантивтенгенде  ған  болмаса,  жалғауды  да  көп 
қабылдамайтын  сөздер.  Кейбір  одағайларға  –ла  (-ле);  -шыл  (-шіл) 
жұрнақтары  жалғанады:  ойбай-лау,  айт-айттап,  аһылап-үһілеп.  Ой, 
тәйір-айшыл  кер  кесек,  қулық,  сұмдық  не  өсек  (Абай).  Қасқырды 
жердің  елі  айтақшыл  (Мақал).  Одағайлар  бірінен  соң  бірі  дүркін-
джүркін  қайталанып,  қосарланып  айтылғанда,  сол  одағайлар  арқылы 
білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың 
қаттылығын,  қатаңдығын  білдіреді.  Тек-тек-тек!  бай-бай-бай-бай! 
Һай-һай-һай-һай  т.б.  Одағайлардың  қосарланып,  қайталанып 
айтылуында  белгілі  бір  заңдылық  бар.  Бір  топ  одағайлар  қосарлап 
айтуға көнбейді (тәйірі! қап! ту! бәсе! астапыралла! т.б.). Енді бір топ 
одағайлар дара күйінде де қолданыла береді. Ойбай! // ойбай, ойбай! 
тәк! / тәк, тәк! Жә! // жә, жә! Ырит соқ! // ырит соқ, ырит соқ! Әй! // 
әй, әй! т.б. 
Одағайлардың  енді  бір  тобы  тек  қана  қосар  тұлғасында 
жұмсалады  (сап-сап!  бай-бай!  әлди-әлди!  т.б.).  Малға  айтылатын 
одағайлардың  басым  көпшілігі  қосар  күйінде  айтылады.  Моһ-моһ! 
Кәуіс-кәуіс! Шөре-шөре! Көс-көс! т.б. 
Одағайлардың  құрамы.  Одағайларды  құрамы  жағынан  екі  топқа 
бөлуге  болады:  1)  түбір,  негізгі  одағайлар.  Бұл  топқа  әрі  қарай 


 
143 
бөлшектеуге  көнбейтін  А!  О!  Ә!  Ой!  Пай!  Қап!  Бәсе!  Мә!  сияқты 
одағайлар жатады. 
2)  Күрделі  одағайлар.  Бұл  топқа  бірнеше  сөзден  біріккен, 
қайталанған,  қосарланған  немесе  басқа  тілдерден  ауысқан  сөздер 
енеді. Мәссаған! Апырым-ай! Әттеген-ай! Бәрекелді! т.б.  
Ал  А.Ысқақов  болса,  одағайларды  құрамы  жағынан  негізгі  және 
туынды одағайлар деп екіге бөледі де, негізгі одағайларға: ау, па, ей, 
әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендерді 
жатқызады. 
Туынды 
одағайларға: 
мәссаған, 
бәрекелді, 
әттегенай, 
жаракімалла,  масқарай,  о  тоба,  астапыралла,  япырмай,  ойпырмай,  о 
дариға...  сияқтанғандар  жатады.    Бұлар  әуе-бастағы  мағыналы 
сөздерден  я  сөз  тіркестерінен  бірігіп  одағай  сөздерге  айналған. 
Мысалы,  мәссаған  деген  одағайдың  бастапқы  төркіні  –  мә,  саған; 
бәрекелді дегеннің төркіні – барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін); 
жаракімалла дегеннің төркіні – я рақым (бер) алла; масқарай дегеннің 
түбірі – масқара-ай; о тоба дегеннің төркіні – истиғфару аллаһу (алла 
кешірсін);  япырай,  ойпырмай,  апырай  дегендердің  түбірлері  –  я, 
пірім-ай,  ой,  пірім-ай,  дегендерден  шыққан.  Ал  әттегенай  деген 
одағай  әйт  деген-ай  (айт  дегенің  -ой)  дегеннен  шыққан.  Бірақ  бұл 
сөздер  өздерінің  бастапқы  ақиқаттық  мағыналарынан  тіпті  алыстап, 
таң  қалу,  ұнату,  мадақтау,  өкіну,  шошыну  сияқты  көңіл  күйлерін 
білдіретін одағайларға айналып кеткен.  
Одағайдың  сөйлемдегі  қызметі.  Одағайлар  сөйлем  мүшесі 
ретінде қызмет атқаруы мына секілді екі жағдайға байланысты болып 
келеді.  1.Одағай  сөздер  кейде  субстантивтенуі  негізінде  әр  алуан 
қосымшаларды  қабылдап,  сөйлем  мүшелері  ретінде  қызмет  атқаруы 
ықтимал. Сен өзің ойбайдан басқа білетінің бар  ма? Ол кеше  аҺлап, 
үҺлеп  зорға  жетті.  2.Ал  кейде  одағай  сөздер  көмекші  етістікпен 
тіркесу  нәтижесінде  күрделі  мүше  құрамына  енуі  ықтимал.  Іздеуге 
ерініп,  шөре-шөре  деген  болды.  Барлығы  жиылып,  аттанар  алдында 
да  қош  десіп  жатты.  Ғалым  А.Ысқақов  еңбегінің  382-беттегі  пікірі 
бойынша  да  одағайлар  төмендегіше  екі  түрлі  жағдайда  ғана  сөйлем 
мүшесі  бола  алады,  яғни  келтірілген  мысалдар  да,  пікір  де  осы 
айтылғандармен  бір  жерде  түйіседі:  1)  Одағайлар  кейбір  көмекші 
етістіктермен  тіркесіп  күрделі  мүшенің  құрамына  енеді.  Мұндайда 
көмекші  етістік  одағайды  басқа  сөздермен  грамматикалық 
байланысқа  түсіретін  дәнекер  болып  қызмет  атқарады.  Мысалы:  Әт-
те-ге-не-ай – деді ол таңдайын қағып (С.Мұқанов); Құр-құр... рр. Әй, 
әй!  –  десті  үйдің ішінен  екі  дауыс  (бұ  да)  дегендердегі  одағайлар  де 
етістігінің  дәнекерленуімен,  қайтті?  Не  деді?  Қайтіп?  Не  деп?  Деген 
сұрауларға  жауап  болып,  сөйлемнің  мүшесі  бола  алады.  2)  Одағай 


 
144 
сөздер  субстантивтеніп,  түрлі  қосымшалар  қабылдап,  сөйлемнің 
қалыпты  мүшесі  бола  алады.  Мысалы,  Аллаңнан  ойбайым  тыныш 
(мәтел); Кешке әрі тоңып, әрі шаршап аһылап, үһілеп отырған кемпір 
өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды (С.Көбеев); Қойдың 
көл жағынан шәй-шәйлеп бір бала түрегелді (Б.Майлин) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет