Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет89/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2-тапсырмаСөйлемдердегі шылаулардың қандай сөз табына, 
қандай тұлғалы сөзге тіркесіп тұрғанын көрсетіңіз. 
Дүниеге  сәби  келді.  Неге  екенін  кім  білсін,  сол  арада  қас  қағым 
сәт өтті ме, өтпеді ме, ол әлжуаз жанары өзі келген осынау жап-жарық 
әлемді, шеті мен шегіне көз жетпейтін көк аспанды көре сала қолды-
аяққа  тұрмай  шырқырап  жылай  жөнелді.  Біресе  соншалықты  нәзік, 
соншалықты  дәрменсіз,  титімдей  аяқ-қолын  ербеңдетіп,  біресе 
шалқалақтап,  шегі  үзілердей  ұзақ-ұзақ  шырылдайды  да,  енді  бірде 
тағдырына,  шарасыздығына  мойынсұнған  кейіппен  солығын  басып, 
жұдырықтай  ғана  қызыл  шақа  көкірегі  баяу  солқылдап  тып-тыныш 
бола  қалды.  Сосын  әлгі  бір  аянышты  дауыспен  тағы  да,  қайта-қайта 
шырылдап  келіп  жылай  бастайды.  О,  Құдірет-ай  десеңші,  сол  сәби 
сонда  күні  ертең  алдында  күтіп  жатқан  өмірдің  қиқалаңы  мен 
бұралаңын,  кесапаты  мен  шарапатын,  удай  ащысы  мен  бал  татыған 
шырын  шағын  кезек  тартып,  тіпті  кей-кейде  оп-оңай  келе  қалған 
болмашы  бақытқа  да  жылата  салатын  опасыздығын  білгендей-ақ 


 
139 
екен-ау.  Ол,  соған  қарамастан  ақиретке  аттанарда  да  сол  опасыз 
жалғанда  әлі  де  алажағы  бардай  қимай,  қия  алмай,  тағы  да  көп 
қиналып оңашада өксіп-өксіп жылап алатын болды. Құнекеңнің ақын 
баласы  адам  баласының  осынау  тұтас  бар  өмірін  данышпандықпен: 
«Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,  Өлеңмен  жер  қойнына  кірер 
денең», - деп, екі-ақ жолға сыйғызып суреттеп беріпті. (М.Кенжебай.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет