ақшақарлы түлкілерді өсіреді. Қара-қоңыр түлкілердің терілерін аздап
өндіреді, ол 8.11суретте көрсетілген.
Белгілері. Күміс-қара түлкі өзінің атауын ерекше түсіне қарай алған.
Терінің түкті жабыны қарадан ашық-күміс түске дейін, зоналы бояуымен
ажыратылады: тегі қара немесе қоңыр-сұр, ортасы күміс шеңберлі және
соңы қара болып келеді. Осының нәтижесінде түкті жа- быны күміс түсте
болады. Түбітті түгінің түсі әр түрлі. Тұмсығы ак күміс қара түлкінің
терісінің негізгі бояуы, күміс-қара түлкінің бояуы секілді, бірақ ақ шашты
тұмсығындағы, мойнындағы, көкірегіндегі және аяғындағы суреттерімен
ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: