Оқу бағдарламасы мен модульдерді (пәндерді) лайықтау (адаптация).
Бұл
мәселе әр пән, әр тақырып бойынша жекелеген детальды жұмыстарды талап етеді.
4)
Әлеуметтік серіктестердің болуы
, олар: қалалар мен облыстардағы арнайы
мектептер және түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында келісім-шарт негізінде
жұмыстар жүргізетін практика базалары.
Ең алдымен, қала немесе облыстағы мүгедек балаларға арналған арнайы
мектептермен түзету-оңалту орталықтарымен қарым-қатынас орнатып, келісім-шарт
негізінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіледі. Колледж педагогтары оқу жылы бойында
мектеп-интернаттың сабақтарына да қатысып, балалардың қандай мамандыққа
қызығушылықтары мен бейімі бар екендігін анықтап, шығармашылық емтихандарға
комиссия мүшелері ретінде қатыса алады, Біздің қоғамда қаншама ЕББҚ бала үйде отыр,
олардың қолынан көп нәрсе келеді, алайда оларды әлеуметтендіру (социализация), қоғамға
кедергі емес, қажет екендігін сезінуге мүмкіндік алуы үшін кәсіпке үйрету, қорқынышты
сейілту қажет. Бұл да колледждің кәсіби бағдар жұмысының бір бағыты бола алады.
Осындай жұмыстар арқылы колледжде инклюзивті топ ашу жөніндегі қорқынышты
сейілтуге, педагогикалық коллективтің рухани-адамгершілік бағытындағы деңгейін көтеруге
болады. Кадрлар қажеттіліктеріне бағытталған аймақтық, жергілікті жағдайлар және оқуға
тілек білдірушінің психикалық дамуының дара ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін
ескере отырып, сонымен қатар жеке еңбек қызметі үшін оның дайындығына кіретін еңбек
профилін таңдау кезінде және олардың ата-аналарының (немесе заңды өкілдерінің)
қалаулары негізінде жүзеге асырылады.
Қолданыстағы нормативке сәйкес, колледжде инклюзивті білім беру бойынша
«әдіскер-координатор» лауазымы болуы тиіс. ЕББҚ студенттердің білім алу әрекетін
куратор және әлеуметтік педагог жетекшілікке алады.
Инклюзивті білім берудің тиімділігінің ең басты критериі- әлеуметтендірудің
табыстылығы, мәдениетке талпыну, студенттің өз қатарластарымен әлеуметтік қарым-
қатынас тәжірибесінің дамуы. Сондықтан бірге оқытуды ұйымдастыру тек ЕББҚ
студенттерін білім беру үрдісіне тарту ғана емес, әрбір студенттің жекелеген ерекшеліктері
мен қабілеттері ашылатын, барлық студеттермен тығыз қарым-қатынас орнату әдісі болып
табылатын колледждің қоғамдық өміріне қатысуы болып табылады. Бұл-тәрбие жұмысы.
Педагог кадрлармен ұйымдастырылатын жұмыстар:
Білім беруде кіріктірілген үрдістердің дамуы, әсіресе инклюзивті білім беруде
педагогтың кәсіптік құзіретін көтеруді, әсіресе пәнаралық мамандар командасы болып білім
беру қажеттілігін қалыптастырады. Мұның барлығы педагогикалық коллективпен жұмысты
жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Педагогқа әрбір баланың жекелеген ерекшеліктерін
ескере отырып түсіну және оны қабылдау өте маңызды. Баланы тұлға ретінде қабылдағанда
ғана оның жағымды жеке қасиеттерін тәрбиелей, дамыта аламыз.
Педагогтың кәсіби дамуының басты шарты – оның өзіндік санасының деңгейін үздіксіз
көтеріп отыруы. Кез келген болашақ немесе бүгінгі кәсіби маманның психологиялық
негізінде бағытталу, икемделу және құзіретті болу сияқты 3 негізгі қасиет үлкен рөл
атқарады. Бүгінгі педагогтан білім беру ортасында қалыптасқан оқу-тәртіптік үлгіден
студентпен тұлғалық қарым-қатынас үлгісіне, мәжбүрлеп оқытудан студенттің ішкі
қозғаушы күшін ояту тәсіліне көшуге ауысу талап етіледі [3].
Педагогтармен жүргізілетін негізгі ұйымдастыру жұмыстары – семинарлар, семинар-
практикумдар, шеберлік сыныптары, ғылыми-практикалық конференциялар, іскерік
ойындар, педагог шеберлігінің шығармашылық апталары, өзара сабаққа қатысу, ашық
сабақтар және т.б.
Білім беру-тәрбиелеу ортасы оқу, тәрбие, түзету, және кәсіби даярлық деген блоктардан
тұрады. Әрбір оқытушы өз пәні бойынша мазмұнды қызықты орта құруға ниеттті болуы тиіс.
Инклюзивті тәжірибені бастаған педагогта алғашқы кезеңде «қолымнан келмеуден»
қорқу, құзіретті бола алмай қалу, жалғыз қалу, көмек ала алмау немесе қолдаудың болмай
қалуы сияқты қорқыныштар болады. Осыған орай педагогтарды қолдаудың екі мазмұнды
бағыты болуы тиіс:
- Психологтық-педагогикалық құзіреттілігін арттыру (жаңа арнайы білімді игеру,
педагогикалық қызметінің нәтижесіне жауапты болу, ресурстарға сүйену, кәсіби болашағын
көре білу)
- Инклюзивті тәжірибені іске асыратын мамандар командасымен жұмыс істеу (ақпарат
алмасу, оқу үйрену, педагогикалық жағдаяттарды шешуде қолдау, біріккен жұмыстар
жүргізу)
Педагог міндетті:
- ЕББҚ студенттің ерекшелігін қабылдауға (мысалы, қосылуы қиын, қасына барып,
тұру керек)
- ЕББҚ студенттің проблемасын байқауға (жазып үлгермейді, көре алмайды, айтатын
кезде үндемей қалады)
- ЕББҚ студентті білім беру үрдісіне қосуда өз жауапкершілігін толық мойынына алуға;
- ЕББҚ студентпен, оның ата-анасымен, мамандармен қарым-қатынас жағдайларында
өз сезімдерін басқара және талдай алуға.
Колледжде құрылған жұмыс тобы ЕББҚ студенттің ата-анасымен (заңды өкілімен)
және педагогтармен кеңес беру және ақпараттық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Осы жұмыс
барысында жеке оқу жоспары, МТБ жағдайы, психологиялық, әлеуметтік- диагностикалық
жұмыстар, үш жақты талданады. Егер педагог, ата-ана бір бағытта жұмыс істемесе, аққу,
шортан һәм шаян секілді болады. Колледж әлеуметтік педагогы ЕББҚ студенттің әлеуметтік
педагогикалық диагностикасын жүргізеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруде оқу-
әдістемелік кешенді қалыптастыру жолдары:
Студенттің анықтамалық жолсілтеуіші
-
колледжге келген ЕББҚ студент ең алдымен
танысатын құжат. Ол ЕББҚ студентке колледж туралы жалпы ақпарат береді.
Жеке оқу жоспары – белгілі бір мамандық пен біліктілік деңгейінде Үлгілік оқу
жоспарының негізінде, колледжде жасалған жұмыс оқу жоспарын басшылыққа ала отырып
студенттің әрбір оқу жылына жеке жасалатын құжат. Жеке оқу жоспары студенттің ерекше
жағдайы мен колледждің материалдық, педагогикалық, оқытушылық әлеуетін ескере
отырып, жақсартып, теориядан гөрі тәжірибелік жағына басымдылық бере отырып
жасалады.
Білім мазмұнының ажырамас бір бөлігі-студенттің жетістіктерін бағалау. Ондаған
жылдар бойы бағалау топтағы басқа студенттердің жетістіктерімен салыстыра бағаланып
келді. Мұндай бағалаудың көптеген кемшіліктері бар және инклюзивті білім беру
жағдайында ол өте қате әрі тиімсіз болады. Модульдік-құзіреттілікке негізделген
жаңартылған білім бағдарламасы жағдайында критериалды бағалаудың бірыңғай
технологиясына қол жеткізді. Яғни, студенттің жекелеген жетістіктерін қажетті
құзіреттердің қалыптасу деңгейін анықтайтын нақты критерийлерге қарай бағалау
қажеттілігі туындады. Критериалды бағалау – ЕББҚ студенттің жетістіктерін білім
мазмұнының мақсаттарына, оқу-танымдық құзіреттерге сәйкес келетін критерийлермен
салыстыру. Критерилер дескрипторлармен анықталады, әрбір нақты жұмысты орындаудың
әрбір қадамы (немесе дескриптор) арқылы студент орындау мақсатына жетеді.
Қалыптастырушы бағалау- күнделікті сабақ барысында немесе үйде ағымдағы білім мен
дағдыны меңгеруді бағалау. Қалыптастырушы бағалау арқылы студент қойылған мақсат пен
міндеттерді қаншалықты дұрыс орындап келе жатқанын түсінеді. Жиынтық бағалау – оқу
тақырыбының тарауын немесе бөлімін аяқтауда жинақталған білім мен дағдалылар деңгейін
анықтауға арналған. (тестер, бақылаулар, жобалар және т.б.) Жиынтық бағалауды педагог
немесе колледж әкімшілігі жүргізеді. Бағалар критерилер бойынша қойылады. Бағалау
критерийлерімен оқу үрдісіне қатысты тұлғалардың (студент, оқытушы, ата-ана) танысуына
қолжетімді болады.
ЕББҚ студенттер үшін инклюзивті білім берудің артықшылықтары:
- Арнайы мектептерге қарағанда инклюзивті білім беру мекемелеріндегі ЕББҚ студенттер
жоғары деңгейдегі әлеуметтік қарым-қатынас жасай алады.
- Инклюзивті ортада мүгедек жасөспірімнің әлеуметтік құзіреттілігі және қарым-қатынас
жасау дағдысы жетіле түседі.
- Инклюзивті ортада ЕББҚ студенттеріне арналған бағдарламалар барынша толыққанды
болады, нәтижесінде олардың дағдылары мен академиялық жетістіктері жақсарады.
- Инклюзивті ортада ЕББҚ студенттерді әлеуметтік деңгейде қабылдау жақсара түседі.
Шағын топтарда тапсырмаларда орындау, бірлесе жобалар даярлау барысында студенттің
мүгедектігі ұмытылып, бірте-бірте денсаулығы қалыпты студент пен мүгедек студент
арасында тосқауыл жойылады.
Инклюзивті білім берудің калыпты студенттер үшін артықшылықтары:
- Қалыпты және талантты студенттер үшін инклюзивті топта болу олардың табысты білім
алуы үшін қауіпті емес.
- Инклюзивті топтарда оқыту сапасына ерекше мән беріліп, жаңа технологиялардың
барынша тиімді қолданылуы қалыпты және талантты студенттер үшін де тиімді болады.
Мысалы, ЕББҚ студенттер үшін қажетті ақпараттық технологияларды және программаларды
олардан босаған уақытта пайдалана алу мүмкіндігі.
- Инклюзивті топтарға арнайы бағдарламалар, қайырымдылық қорлары арқылы бөлінетін
қаржылық ресурстар ЕББҚ студенттермен қатар қалыпты және талантты студенттерді де
қолдау мақсатында жұмсалады. Мысалы, топқа қосымша оқыту құралдарын алу, саяхаттар
ұйымдастыру, шеберлік сыныптары немесе атақты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, т.б.
- Инклюзивті топтарда білім беруде қолданылатын арнайы әдістемелік тәсілдер қалыпты
және талантты студенттер үшін өз «Менін», өзіндік қағидаттарын, әлеуметтік білім мен өзін-
өзі ұстауын қалыптастыруы үшін өте тиімді,
- Инклюзивті топтарда білім алатын қалыпты және талантты студенттер Брайл немесе
ымдау тілін арнайы ашық мәтіндік дәрежеде оқып-үйренеді, болашақ өмірінде ол тілді
білудің көптеген артықшылықтарын сезіне алады.
- Инклюзивті топтарда білім алатын қалыпты және талантты студенттер мүгедектігі бар
жолдастарын сыйлауды, бағалауды үйренеді.
Алайда, ТжКБ саласында ЕББҚ студенттерінің арнайы кәсіби дайындығы үшін өз
деңгейінде қалыптастырылған жүйе әлі жоқ деуге болады. Жасөспірімдерді техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінде мамандыққа даярлауда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға,
даму бұзылушылығының категорияларына қарай кәсіп түрлерін ұсынуға арналған
әдістемелік ұсынымдар мен талаптар, арнайы медициналық нұсқаулар жоқ. Бұдан басқа
мемлкеттік тілде оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы, инклюзивті топта білім беруге даяр
оқытушылардың болмауы, ЕББҚ студенттерге арналған арнайы пәндерді оқытудың бірыңғай
әдіснамасының болмауы, бизнес өкілдері мен әлеуметтік серіктестер тартудағы қиындықтар,
оқыту базасының (МТБ) жеткіліксіз қаржыландырылуы сияқты қиындықтарды атап өтуге
болады.
Ұлыбритания мемлекетінде Тони Блэр үкімет басқарып отырған уақытта ішкі істер
министрі болған тума соқыр, атақты Дэвид Бланкет: «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға
білім беру мемлекет үшін ең негізгі міндеттердің бірі. Бұл әрбір адам өзінің қоғамға
қатыстылығы мен қажеттілігін сезіне алатын шын мәніндегі инклюзивті қоғам құрудың
алғышарты болып табылады. Біздер әрбір балаға, оның қажеттіліктері мен басқа да
жағдайларына қарамастан өз әлеуетін іске асыруға, қоғамға пайтасын тигізуге және оның
толыққанды мүшесі бола алуына мүмкіндік беруге тиіспіз»
Достарыңызбен бөлісу: |