ӘОЖ: 376 техникалық ЖӘне кәсіптік білім беру саласына инклюзивті білім беруді енгізудің Өзектілігі нұрбекова А. М



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі338,03 Kb.
#139601
1   2   3   4   5
Байланысты:
ибб мақала

professional edication. 
The article highlights the importance of implementation of inclusive edication for disablet 
students in the sphere of technical and professional edication. The author says that it is necessary to 
cultivate professional skills and their socialization. Besides this it is shown the ways of
organization of inclusive edication in college, its advantages in interaction with parents and 
society. 
Key words: 
inclusive, available sphere, socialization, to get a profession, support service.
Біздің мемлекетімізде білім алу мен білім беру стандарттарын меңгеріп, тең 
мүмкіндіктерге ие болуды қамтамасыз етуде адами капиталдың рөлін арттыруға ерекше мән 
беретін саясат жүзеге асырылуда. ҚР Үкіметінің 1994 жылы БҰҰ-ның «Бала құқығы туралы» 
Конвенциясын ратификациялауына, Бас ассамблеяның 2006 жылғы 13 желтоқсандағы
«Мүгедектер құқығы туралы» Конвенциясына, ҚР Конституциясына, «Білім туралы» 
Заңына, «Қазақстан Республикасынағы бала Құқығы» туралы және басқа да қолданыстағы 
құжаттарға сәйкес, елімізде барлық балалардың білім алуға тең құқылығы қарастырылған. 
ҚР Үкіметі барлық балалардың білім алу мүмкіндігі мен тең құқылығын қамтамасыз етуді 
кезең-кезеңімен жүзеге асыру мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған білім беруді 
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзивті 


білім беруді дамытуды маңызды міндеттердің бірі ретінде атап көрсетті. Ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде 2009 
жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының 
жобасы әзірленді
[1]. 
Республикадағы инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – 
Ерекше Білім Беру Қажеттілігі бар (ары қарай-ЕББҚ) тұлғаларды әлеуметтендіру және 
мамандық игеру мақсатында техникалық-кәсіптік білім деңгейінде оқытуға жағдай жасау. 
Инклюзивті білім беру – бұл арнайы ұйымдастырылған, ЕББҚ студентке өз қатарымен бірге, 
оның ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, жалпыға бірдей білім беру стандартының 
бағдарламасымен білім беру үрдісі. Мұнда ең басты нәрсе – өз қатарластарымен бірге білім 
және әлеуметтік тәжірибе алуы. Бұл-тек мамандарды ғана емес, қоғамның қалың қауымының 
назарын аударатын педагогикалық білімнің жаңа саласы.
Шетелдерде даму мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кәсіптік білім алуына, табыс 
табуына, қоғамдық өмірге араласуына көп көңіл бөлінеді. Олармен арнайы оқу орнын 
бітірген соң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін қажет мамандыққа, құзіреттілікке, 
дағдыға үйрететін курстар, бағдарламалар (кәсіптік, кәсіпалды, өтпелі) ұйымдастырылады.
Бұл - экономикалық мақсаттылықпен байланысты, өйткені олардың білім алу шығындары 
кейіннен жұмыс істеп жатқан білікті маманның төлейтін салығы ретінде қайтып оралады 
және мемлекетті оларға жәрдемақы төлеуден құтқарады.
Біздің мемлекетте мектепке дейінгі және мектептегі арнаулы (түзету) білім беру 
жүйесі инклюзивті білім беруге әзірленген және жүйелі жұмыс істейді. Бұл үрдіс 1994 жылы 
Испанияның Саламака қаласында өткен, әлемдегі 92 ел мен 25 халықаралық ұйым қатысқан 
жиынға Қазақстан Республикасының қатысуымен және Саламан декларациясы деп аталатын 
құжатты мақұлдауымен, ратификациялауымен басталады.
Саламан Декларациясына сәйкес 
инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
• Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
• Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген 
мұқтаждықтары болады.
• Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру 
мақсатына орай өзгерту [2]. 
2017 жылы инклюзивті білім берудің шетелдік және отандық озық технологияларын 
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізуде тәжірибе алмасуды іске асыру 
мақсатында, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Инклюзивті білім беру: 
Қазақстан Республикасында дамытудың қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық 
семинар өткізіліп, төмендегі ұсынымдар анықталды: 

19.01 2012 жылғы ҚР Ү №130 «Техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын 
білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қаулысына 
өзгерістер енгізу (ЕББҚ талапкерлердің категорияларын анықтау, қандай категориядағы 
талапкерлер оқытылуға жатпайды.) 

Ауыруларды ескере отырып, колледждерде ЕББҚ студенттерді даярлауға жататын 
мамандықтар тізбесін анықтау; 

Ақыл-ой кемістігі бар студенттерді оқыту мәселесі мен оқу мерзімін кемістік 
категориясы мен мамандықтар бойынша қарастру, 

ҚР Ү 30. 01. 2008 жылғы №55 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 
үлгілік штатын және педагогикалық қызметкерлердің және оған теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдары тізбегін бекіту туралы» Қаулысына өзгерістер енгізу, инклюзивті білім беру 
бағдарламасымен жұмыс атқаратын колледждердіңштаттық кестесіне төмендегі бірліктерді 
енгізу: мейірбике, сурдопеагог, тьютер, дефектолог, инклюзивті бөлім әдіскері, психолог, 
инклюзивті білім беру бойынша директордың орынбасары 

Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік құру (Қарағанды колледжінің базасында) 

ЕББҚ студенттер үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау мен әлеуметтік жағдай 
туғызуды реттейтін Ережелер құру;

Үлгілік бағдарламаларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру, 



ЕББҚ студенттерімен жұмыс істеу үшін бағалау жүйесінің заманауи әдістерін әзірлеу 
және енгізу; ( осындай 20 пункттен тұрады) 
ҚР ТжКБ жүйесінде инклюзивті білім беруді алғашқылар болып бастаған 
Қарағанды және Павлодар тәжірибелері Инклюзивті білім берудің негізгі 3 бағытын 
анықтады:
1) Негізгі нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
2) Кедергісізі орта құру үшін арнайы жағдайлар мен материалдық техникалық база құру; 
3) ТжКБ оқытушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға психологтық-педагогикалық 
жағдайды жақсарту мақсатында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу; 
«Кәсіпқор» Ходингі» КЕАҚ жоғарыда аталған бағыттарды іске асыруда. Алматы 
облысында аталған тақырып бойынша алғашқы біліктілік арттыру курсын Талдықорған 
политехникалық колледжі базасында 2018 жылғы 29 қазан 09 қараша аралығында өткізді.
Кәсіпқор» Ходингі» КЕАҚ 2018 жылы www kasipkor.kz сайтында (білім беру 
бағдарламалары, әдістемелік көмек) «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін 
арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» жариялады. [4]. 
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді сапалы 
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды шараларды іске асыру қажет: 
1) ЕББҚ тұлғаларға толыққанды кәсіби білім беруді дамытуда ең алдымен – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет