Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Мысалы:


183
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Жоспары:
1. Тойға жиналған адамдар
2. Ы. Алтынсариннің өз пікірі
3. Шешім
Мазмұндама жазуға көшіңіз, ол үшін:
1. Мәтіндегі тақырыпшаларды сұрақтарға ажыратыңыз.
2. Сұрақтарға жауап бере отырып, мазмұндама жазыңыз.
2
Тақырыпшалар
бағыттаушы сұрақтар
мазмұндама
Сауытбайдың үйіне 
жиналған адамдар.
Сауытбайдың үйіне кімдер 
жиналды?
Сауытбайдың үйіне біраз 
адамдар жиналды. 
Ішінде ақсақалдары да, 
қарасақалдары да бар.
Қонақтардың ішінде шоқша 
сақалды біреу отыр. 
Ол – ағартушы педагог Ыбырай 
Алтынсарин еді.
Қымыз ішіп отырған 
ақсақал, қарасақалдар.
Олардың ішінде кімдер бар?
Төрде отырған аққұба, 
шоқша сақалды адам.
Қонақтардың арасында кімдер 
бар?
Ол кім?
Балаларды оқыту 
туралы әңгіме.
Жиналған қонақтар не істеп 
отыр? 
Олар не туралы сөйлесуде?
Ол үшін не істеуіміз керек?
Жиналған қонақтар қымыз ішіп, 
әңгімелесіп отыр. 
Олар ауылда мектеп ашу 
керектігі жөнінде сөйлесуде. 
Ыбырай Алтынсарин өнер-білім 
жастардан шығады, сондықтан 
балаларды оқыту керектігі 
туралы айтып отыр.
Ол үшін өзіміз еңбектенуіміз 
керек дейді. Ауылда екі жылдық 
мектеп ашуға болады. Жастарды 
шақыру қажет. 
Ыбырай атамыз «Жастар – біздің 
болашағымыз», – деді.
Жиынды сөйлеп 
отырған Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин не деді?
«Өнер жастан 
шығады».
Ауылдық мектепті ашу 
туралы шешім.
Ыбырайды тыңдаған халық 
қандай шешімге келді?
Ыбырайды тыңдап болғаннан 
соң, халық ауылда мектеп ашу 
керек деген ойға келді. 
Жиын тарап, біраз адамдар 
ойынға кетті. 
Барлық адамдар ауылда мектеп 
салынатыны туралы естіді.
Жиын тарады.
Жиыннан кейін адамдардың 
біразы қайда кетті?
Мектеп ашылатыны 
туралы хабардар болу.
Барлық адамдар не туралы 
естіді?


184
Мазмұндамадағы мәселеге қатысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жазу.
Жауабыңызда мазмұндамадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-сөз 
қайталауға болмайды. 
Сіз оларға балама сөздер (синонимдер) табуыңыз керек. 
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут. 
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ыбырай Алтынсариннің атына лайық сөздердің барлығын жатқызуға болады. Тарихта оның 
кім болғанын есімізге түсірейік.
Жауап үлгісі: 
1-нұсқа: «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім (ұстаз, ағартушы, жазушы, аудармашы, қоғам 
қайраткері)» деген жауап беруге болады немесе жауапты нақтылай отыра, қазақ халқының 
кімі деп түсініп, төмендегідей жауап нұсқасын ұсынған да жөн.
2-нұсқа: Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының алғашқы (педагог-ағартушысы, мұғалімі, 
алғашқы мектеп ашқан адамы, оқытушысы). 
Жауап нұсқаларына жақша ішіндегі кез келген сөзді немесе үтір арқылы барлығын алуға 
болады.
2. Ыбырай Алтынсариннің туған жері қай өңір?
Жауап «қай?» есімдігі арқылы жасалып, бұл жерде нақты географиялық атауды талап етіп тұр.
«Өңір» сөзі аймақ, облыс, аудан, жер мағыналарына жақын.
3. Жиында ол не туралы айтты?
Сұрақ «не туралы айтты?» Атау септігін меңгеріп тұрған септеулік шылау мен «айтты» етістігі: 
-айт – түбір етістік, -ты – жедел өткен шақ жұрнағы, ендеше жауаптағы іс-әрекет те өткен 
шақта тұруы керек. Жауап берген уақытта «айтты?» сұрағына жауап беретін сөз баяндауыш 
болатындықтан, ол сөйлемнің соңында орналасуы керек екенін ұмытпаңыз. 
Сөздердің орын тәртібі – сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Сөздердің орын 
тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің 
соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш 
өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем 
мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы да нормалық құбылыс болып табылады. 
4. Ыбырай балалар туралы не деді?
Ыбырайдың айтқан сөзін табу керек, оның жауабы мәтін ішінде болуы керек.
Жауабы:
1-нұсқа: «Өнер жастан шығады, біздің болашағымыз – балалар», – деді деп төл сөз түрінде 
жауап беруге болады.
2-нұсқа: Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып, Ыбырай Алтынсарин өнер жастан шығатынын, 
балалар біздің болашағымыз екендігін айтты – түрінде жауап беруге болады.
5. Халық қандай оймен тарады?
«Қандай оймен?» деген сұрақ арқылы мәтінде сөз болған халықтың ойы туралы сұрап тұр, 
«тарады» (тара - түбір етістік, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы) етістігі өткен шақта тұр. Жауап 
берген кезде де етістіктің шақ категориясын өзгертпейміз. Сұрақ қай шақ формасында қойылса, 
жауап та сол шақта болу керек. 
Дәлме-дәл мәтін сөзімен жауап бермеу үшін, кейбір сөздердің баламасын ауыстыруға болады.
Жауабы: Халық (адамдар, жұрт, көпшілік) мектепті міндетті түрде ашу керек деген оймен 
тарады (үйлеріне қайтты, үйді-үйге кетті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет