Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет141/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қОС
ым
ША
л
АР
Оқылым бөлігі бойынша дағды қалыптастыратын жаттығулар
Упражнения для формирования навыков чтения
1-мәтін
Сағи Асанұлы Әшімов 1961 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге 
келген. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет 
институтын қызыл дипломмен бітірген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 
Жиырмадан астам фильмде басты рөлдерде ойнаған. Алғашқы фильмге («Өз 
бидайыңды өзің өсір», режиссері – Болат Шманов) тоғызыншы сыныпта түскен. 
Мәтін бойынша төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по тексту.
1. Сағи Асанұлы Әшімов кім?
2. Сағи қай оқу орнында білім алған? 
3. Жас әртіс қай жылы қайда туылған?
4. Әртіс ең алғаш қай фильмде ойнады?
2-мәтін
Бұлан – Сырым ауданындағы елді мекен. Бұлан – аша тұяқты, бұғытектес ірі 
аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қандағайты өзенінің бойында бұландар 
көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы «қандағай» сөзі де моңғол тілінде «бұлан» 
деген ұғымды білдіреді. Кейін бұлан атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты 
ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл елді мекен атауы Байбақты руының 
XVIII ғасырда өмір сүрген биі Бұлан Қарақұлұлының есіміне де байланысты 
болуы мүмкін. Бұлан Қарақұлұлы 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған 
ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан. 
Мәтін бойынша берілген төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по тексту.
1) Бұлан қандай аң? 
2) Бұлан қай ауданда орналасқан?
3) Елді мекен атауы неге байланысты? 
4) Бұлан Қарақұлұлы қандай көтеріліске қатысқан?
5) Тарихи деректер бойынша бұландар қайда көп орналасқан?
3-мәтін
Ел ордасы – Астана
Қай елдің болса да астанасының аты мемлекеттік рәмізі тәріздес. Мысалы, 
Мәскеу десе – Ресей, Лондон десе – Англия мемлекеттерін көз алдымызға 
елестетеміз.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге 
әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. 
Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған 
орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет