Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет42/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Вставьте соответствующий аффикс.
Мына жеңіл көлік көршім..., ал менің автокөлігім жоқ.
А) -тікі
В) -нікі
С) -дікі
D) -нің
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Ұсынылып отырған идея кімдікі?
– ... .
А) Мамандар көп
В) Бас мамандікі
С) Басшының қалауы
D) Олардың айтуынша
Меншіктілікті білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите вариант, в котором выражена принадлежность. 
А) Талапкерлер ерте келді. 
В) Бұл байқау талапкерлердікі.
С) Талапкерлер көп дайындалуда.
D) Университет жас талапкерлермен толыға түсті.
15
16
17
Барыс септігінің мақсат мəнін білдіруі
Барыс септігіндегі сөз баяндауышпен тікелей немесе жанама түрде байланысып, 
іс-əрекеттің бағытын (олар Атырауға кетеді), мақсатын (мен оқуға келдім) білдіреді.
Барыс септігінің жалғаулары (-ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е) сөзге үндестік заңына 
сəйкес жалғанады.
Іс-əрекеттің мақсатын білдіргенде барыс септігі қайда? неге? деген сұрақтарға 
жауап береді. Мысалы: Ажар кітапқа кетті. Асылай ақшасына келді. Мақсат мəнін 
білдіргенде көбінесе тұйық етістікке жалғанып қолданылады: Мен құжатымды 
тапсыруға келдім. Айнұр тапсырмасын тексертуге кетті.
♦ Диалогті аяқтаңыз.
Дополните диалог.
– Балалар, ауылға не мақсатпен келдіңдер?
– Ауылдың тіршілік-тынысымен ... келдік.
А) танысу
В) танысуға
С) таныссақ
D) таныспақшы
1) танысу сөзі келдік сөзімен тіркесе алмайды;
2) танысуға сөзі келдік сөзімен тіркесіп, мақсатты білдіреді;
3) таныссақ сөзі келдік сөзімен тіркеспейді, шарт мəнін білдіреді;
4) таныспақшы сөзі мақсатты білдіргенмен, келдік сөзімен тіркеспейді.


62
♦ Сөйлемдегі барыс септігіндегі сөздің мəнін көрсетіңіз.
Укажите значение слова, употребленного в предложении в дательном падеже.
Əкем дауыс беруге кетті.
A) мезгіл
B) құрал
С) мекен
D) мақсат
1) сөйлем мағынасы мезгілге қатысты емес;
2) сөйлемде құралды білдіретін сөз жоқ;
3) сөйлемде іс-əрекеттің орны туралы айтылмайды;
4) дауыс беруге тіркесі барыс септігінде қолданылған, мақсат мəнін білдіреді.
♦ Студенттердің мақсатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
Найдите предложение, выражающее значение цели студентов.
А) Студенттер конференцияға кетіп қалды.
В) Студенттеріміз білімдерін сынауға келіпті.
С) Студенттер қоғамдық шараларға қатысуда.
D) Студенттердің өмірі қызықты өтуде.
1) сөйлем студенттердің мақсатын емес, бару бағытын білдіреді;
2) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы айтылады;
3) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы айтылмайды;
4) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы баяндалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет