22 23 24 Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл ... теледидардан көрсетті.
A) жарнамаға
B) жарнамада
С) жарнаманы
D) жарнамадан
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Мен көркем əдебиетті ұнатамын, əсіресе «Абай» ... сүйіп оқимын.
А) роман
В) романды
С) романын
D) романның
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мен І. Есенберлиннің … ұнатамын, əсіресе тарихи романдарын сүйіп оқимын.
А) туындылар
В) туындылары
С) туындыларын
D) туындыларды
Көмектес септігі Көмектес септігі кіммен? немен? сұрақтарына жауап беріп, іс-қимылдың құралын,
амалын жəне іс-əрекетке ортақтықты, бірлесуді білдіреді.
Көмектес септігінің жалғаулары: -мен, -пен, -бен; жуан дауысты сыңары жоқ,
буын үндестігіне бағынбайды. Мен, бен, пен шылауларына ұқсас айтылады, бірақ
шылаулар бірыңғай мүшелердің арасына жазылады (қағаз бен қалам, теледидар мен
радио), ал көмектес септігінің жалғауы көбіне толықтауыш, пысықтауыш қызметінде
қолданылып, сөйлемде баяндауышпен (етістікпен) тіркеседі. Шылауларды басқа
сөзбен ауыстыруға болады (қағаз жəне қалам), ал көмектес септігі жалғаулары
ауыстырылмайды.
Мысалы: Театрға достарыммен барамын. Теледидарды баламмен бірге барып,
таңдаймын. Айнұр кешке сіңлісімен келді.
Бұл мысалдардағы көмектес септігіндегі сөздер іс-əрекетке ортақтықты, бірлесуді
білдіреді.
♦ Мақалды толықтырыңыз.
Дополните пословицу.
Бауыр шырын, бас тəтті,
Көп... ішкен ас тəтті.
A) -пен
B) -бен
C) -мен
D) -бенен
1) -пен қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес көп сөзіне
жалғанады, көп адаммен бірге деген мағынаны білдіреді;
2) көп сөзі қатаң дауыссызға біткендіктен, оған ұяң
дауыссыздан басталатын қосымша (-бен) жалғана
алмайды;
3) көп сөзі дауыссызға біткендіктен, оған үнді дауыссыздан
басталатын қосымша (-мен) жалғанбайды;
4) дыбыс үндестігіне сəйкес -бенен қосымшасы қатаң
дауыссыздан кейін қолданылмайды.