ЛЕК СИКА- ГР АММА ТИКА ЛЫҚ БӨЛІК 27 25 26 ♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Ғалымдар ... бұл құпияның сырын
ашты.
A) қазбалар үшін
В) зерттеу туралы
С) тапқаннан бұрын
D) археологтармен бірге
1) қазбалар үшін тіркесі сөйлем мағынасына
сəйкес емес;
2) зерттеу туралы тіркесі сөйлемді толықтыра
алмайды;
3) тапқаннан бұрын тіркесі сөйлем мағынасына
үйлеспейді;
4) археологтармен бірге тіркесі ғалымдардың
іс-əрекеті олармен бірлесіп орындалғанын
білдіреді.
♦ Бірлескен əрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово в творительном падеже, выражающее
значение совместного действия.
A) Ол Астанаға ұшақпен барады.
B) Біз əкімшілікпен сөйлестік.
С) Оқу инемен құдық қазғандай.
D) Саяхатты кемемен жасау керек.
1) ұшақпен сөзі құралдық мағынаны білдіреді;
2) əкімшілікпен сөзі - ортақ əрекетті білдіретін
көмектес септігіндегі сөз;
3) инемен сөзі құралдық мағынада қолданылып
тұр;
4) кемемен сөзі құралдық мағынаны білдіріп тұр.
Бірлесіп жасалған əрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді
көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово в творительном падеже,
выражающее значение совместного действия.
A) Ол – өнерлі жігіт.
B) Өнерлі өрге жүзер.
С) Өнерлі жастар жиналды.
D) Ол Р. Рымбаевамен бірге өнер көрсетті.
Бірлесіп атқарған іс-əрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово, выражающее значение
совместного действия.
А) Мен жаңа инновациялық əдістемемен таныстым.
В) Біздің мектеп инновациялық əдістерді кеңінен пайдалануда.
С) Ұстаздар əдіскерлермен бірге жаңа əдістемені меңгере бастады.
D) Оқу бағдарламасына инновациялық технологиялық əдістер енгізді.
Бірлесіп жүзеге асырған іс-əрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово, выражающее значение
совместного действия.
А) Ұстаздар əдістемелік семинар өткізді.
В) Ұстаздар республикалық семинарға барды.
С) Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты.
D) Ұстаздар оқушылармен бірге семинар ұйымдастырды.