38
39
40
72
Асты сызылған сөзді ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.
Найдите слово, близкое по значению подчеркнутому слову.
Бұл мəселені шешуге жиырма шақты адам қатысты.
A) жиырма
В) жиырмасыншы
С) жиырмаға жуық
D) жиырмадан астам
41
Жалпылау есімдігі
Жалпылау есімдігі жалпылау, жинақтау мағынасын білдіреді. Жалпылау есімдігі
деп мағыналық жақтан кемінде екі немесе одан көп заттарды, нəрселерді жинақтап
атау үшін пайдаланылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: бəрі, барша, барлық, бар
(адам), күллі, бүкіл, түгел. Ауылдың еңкейген қарты да, төрт-бес жасар бүлдіршіндер
де – үлкен-кішісі түгел жылжымалы дүкеннің тауарын көруге келіпті.
Бар, барлық, барша, бүкіл, күллі, түгел есімдіктері тəуелденеді. Мысалы: біздің
барымыз, сендердің барлықтарың, олардың баршасы.
♦ Көп нүктенің қажетті сөзді белгілеңіз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Экологиялық мəселелер ... əлемді толғантып отыр.
А) сол
В) анау
С) сонау
D) бүкіл
1) сол сөзі сөйлемге мағыналық жақтан үйлеспейді;
2) анау сөзі сөйлемді толықтыра алмайды;
3) сонау сөзі сөйлемге мағыналық жақтан сəйкес емес;
4) бүкіл сөзі сөйлемде айтылған ойға сəйкес келеді.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Жер – … адамзаттың ортақ мекені, аялайық біз оны!
А) күллі
В) тегіс
С) ыңғай
D) баршасы
1) күллі сөзі сөйлемнің ой желісіне сəйкес келеді;
2) тегіс сөзі сөйлемде айтылған ойға үйлеспейді;
3) ыңғай сөзі сөйлемді мағыналық жақтан толықтырмайды;
4) бəрі сөзі адамзат сөзімен тіркеспейді.
♦ Жалпылама мəнді сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, выражающим обобщение.
А) Бақта алма, өрік, шие өсіп тұр.
В) Бағбан жеміс ағаштарын күтіп баптайды.
С) Шабдалы, алма мен алмұрт – баршасы жеміс ағаштары.
D) Бағбан баққа екі түп алша жəне төрт түп шие ағашын отырғызды.
1) сөйлемде жалпылама мəнді сөз жоқ;
2) сөйлемде жалпылама мəнді сөз қолданылмаған;
3) баршасы сөзі – жалпылау есімдігі, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
(шабдалы, алма, алмұрт) жинақтап тұр;
4) сөйлемде жалпылама мəнді сөз берілмеген.
|