74
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқасы қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Адам ... кездері жабырқап отыратын сəттері де болады.
А) ештеңе
В) кейбір
С) дəнеме
D)
ешқандай
1) ештеңе сөзі кездері сөзімен тіркеспейді;
2) кейбір сөзі кездері сөзімен тіркеседі, сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
3) дəнеме сөзі кездері сөзімен тіркесе алмайды,
сөйлемнің мазмұнына
үйлеспейді;
4) ешқандай сөзі сөйлемнің желісіне сəйкес келмейді.
♦ Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в
котором есть слово, обозначающее неопределенность.
А) Маған күздік киімдер сатып алу керек.
В) Сен киім алу үшін дүкенге бармайсың ба?
С) Біреулер дүкенге барса, біреулер базарға барады.
D) Дүкендерде арзан бағамен күздік киімдер сатылып жатыр.
1) сөйлемде белгісіздік мəнін білдіретін сөз жоқ;
2) сөйлемдегі іс-əрекет иесі (сен)
анық көрсетілген;
3) сөйлемдегі біреулер сөзі белгісіздік мəнде айтылған;
4) сөйлемде белгісіздік мəнді білдіретін сөз жоқ.
Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
...дің қатесі – ...ге сабақ.
A) Біреу
B) Ешкім
C) Ешбір
D) Ештеңе
Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, которое обозначает неопределенность.
А) Сен өзің шаруаға ұқыпты бала екенсің.
В) Мына шаруаны, қарағым, сен бітіре салшы.
С) Сөзін əлденеше қайталап, нықтап отыратын.
D) Əр адам өз ісіне жауаптылықпен қарауы керек.
Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, которое обозначает неопределенность.
А) Оны өзім əкелейін.
В) Осы істі мен аяқтай салармын.
С) Ол осы мəселеден қашқақтап жүр.
D) Бұл түйінді басқа біреу шеше алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: