Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет66/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

95
96
97


97
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Салдар мəнді жалғаулық шылаулар
Өзара тең дəрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді əртүрлі мағыналық 
қатынаста байланыстыратын көмекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар деп 
атайды.
Салдар мəнді жалғаулықтар құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарындағы болған 
іс-əрекеттің нəтижесін, салдарын білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулықтардың бұл 
түріне сондықтан, сол себепті, сонан соң шылаулары жатады. Мысалы: Наурыз 
мерекесі – біздің халқымыз үшін ұлы мейрам, сондықтан да оны зор қуанышпен 
қарсы аламыз. 
Талапкерлер тест тапсырып жатыр, сол себепті қатты шуламауларыңызды 
сұраймыз!
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бастық кеш келеді, ... күтуіңізге тура келеді.
А) егер 
В) себебі 
С) біресе
D) сондықтан
1) егер сөзі - шарттық мəн үстейтін шылау;
2) себебі сөзі себептік жалғаулық, сөйлеммен мағыналық сəйкестік жоқ;
3) біресе сөзі іс-əрекеттің алмасып отыратынын білдіру үшін жұмсалады;
4) сондықтан сөзі бірінші сөйлемде бастықтың кешігу салдары, екінші сөйлемдегі осы шылау 
арқылы түсіндіріліп тұр.
♦ Көмекші сөздің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын көрсетіңіз.
Укажите, в каком значении использовано служебное слово.
Қаланың экологиясы ластануда, сол себепті айналмалы жолдар мен гүлзарларды 
көбейтіп жатыр.
А) шарт
В) себеп
С) салдар
D) қарсылық
1) сол себепті шылауы сөйлемдер арасындағы шарттық қатынасты білдіре алмайды; 
2) сол себепті шылауы бірінші сөйлемдегі іс-əрекеттің себебін түсіндіре алмайды;
3) сол себепті шылауы басыңқы сөйлемдегі айтылған іс-əрекеттің салдарын білдіріп тұр;
4) сол себепті шылауы сөйлемдер арасындағы қарсылық мəнді білдіре алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Алматыда қызметі бірдей фирмалар көп, ... олардың өнімдерінің сапасын қадағалай 
алмай жатыр.
А) себебі 
В) дегенмен
С) неге десең
D) сол себепті 
1) екінші сөйлем бірінші сөйлемдегі ойдың себебін түсіндіріп тұрған жоқ, сондықтан себебі сөзі 
қолданылмайды;
2) дегенмен шылауы – қарсылық мəн тудыру үшін қолданылатын көмекші сөз
3) неге десең – сөйлемдер арасындағы іс-əрекеттің себебін білдіреді, сөйлемде салдары туралы 
сұрап тұр;
4) сол себепті – бірінші сөйлемдегі фирманың көптігінен екінші сөйлемде өнімдердің сапасы 
қадағалана алмай жату салдары осы көмекші сөз арқылы түсіндіріліп тұр.


98
98
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мен кездесуге сағат 10-ға жазылғанмын, ... тосып отырмын.
А) əлде
В) біресе
С) сол себепті
D) не болмаса 
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кеше болған жоқпын, ... сенен сұрап жатырмын.
А) алайда 
В) əйтпесе
С) не үшін 
D) сондықтан
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Тұрмыстық техника бөлімінде кезекте тұрған адам көп, ... сізге жарты сағаттай 
күте тұруға тура келеді.
А) бірде 
В) cебебі
С) болмаса 
D) сондықтан
Іс-əрекеттің салдары көрсетілген сөйлемді көрсетіңіз.
Определите предложение, в котором передаются последствия действия.
А) Ас тұзы қымбаттаса, халыққа қиын, сондықтан оған мемлекеттік қолдау 
қажет.
В) Ас тұзының құрамында йод бар, алайда ол ағзаға жеткіліксіз.
С) Менің мына ас тұзын алғым келмеді, себебі қорабы жыртылып кетіпті. 
D) Тамақ істемекші болып біресе ас тұзын іздеді, біресе майды іздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет