Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет65/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

90
91


95
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
92
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Сен-... үнемі шаршап жүреді екенсің.
А) ақ
В) ай 
С) ау
D) тек
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Күн суықта терезені ... қояйыншы.
А) айтпай-ақ 
В) ашпай-ақ
С) көрмей-ақ
D) қарамай-ақ 
93
Жалғаулық шылаулар. Себеп мəнді жалғаулықтар
Өзара тең дəрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді əртүрлі мағыналық 
қатынаста байланыстыратын көмекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар деп 
атайды.
Себеп мəнді жалғаулықтарға себебі, өйткені шылаулары жатады. Бұл 
жалғаулықтар тілде жиі кездеседі. Себеп мəнді жалғаулықтар салалас құрмалас 
сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып, соңғысы алдыңғы 
сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін білдіреді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Құжатыңызды қазір бере алмаймын, ... бастық қол қойған жоқ.
А) бірақ
В) себебі
С) əйтсе де 
D) сол үшін
1) бірақ – қарсылық мəнде жұмсалатын жалғаулық, екінші 
сөйлемдегі ой бірінші сөйлемдегі ойға қарсы мəнде 
қолданылмаған;
2) екінші сөйлемде бірінші сөйлемдегі айтылған ойдың 
себебі түсіндіріліп тұр, сондықтан көп нүктенің орнына 
себебі сөзін қоюға болады;
3) əйтсе де шылауы қарсылықты мəнді болғандықтан, 
сөйлем мазмұнымен сəйкес келмейді;
4) сол үшін тіркесі бірінші сөйлемдегі ойды нақтылай 
алмайды.
♦ Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Найдите продолжение предложения.
Туристер əуежайда екі сағат бөгелді, ... .
А) өйткені жолдама сатады
B) сол себепті ұшақты күтті
C) сондықтан екі сағат əуежайда кешікті 
D) себебі ұшақта техникалық ақау болған екен
1) жолдама сатылатыны үшін туристердің 
екі сағат əуежайда бөгелуі күмəнді, 
берілген сөйлем мазмұнымен үйлеспейді;
2) екі сөйлем арасында мағыналық 
үйлесім жоқ;
3) сөйлемдер арасында мағыналық 
байланыс жоқ;
4) біріншісінде туристердің бөгелуі 
айтылса, екінші сөйлемде сол жағдайдың 
себебі түсіндіріліп тұр.


96
94
♦ Себеп мəнді сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значение причины. 
А) Біздің елімізде ауылшаруашылыққа көп көңіл бөлінеді, өйткені сауда айналымында 
отандық азық-түліктің үлесін артыру қажет.
В) Отандық азық-түлік өнімдерін шығаруға мəн берілуде, сонда да жеткіліксіз.
С) Ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесін жиі ұйымдастырса, қала тұрғындарына 
көп жеңілдік болар еді.
D) Ауылдық жердің тұрғындары өз өнімдерін біресе дүкендерге өткізіп əлек, біресе 
базар маңайлап сатуға мəжбүр.
1) екінші сөйлем бірінші сөйлемнің себебін түсіндіріп тұр;
2) бірінші сөйлемдегі ойға екінші сөйлем қарсылық мəнде айтылған;
3) екінші сөйлем бірінші сөйлемнің шартын білдіріп тұр;
4) екі сөйлемдегі іс-əрекет кезектесіп келіп отыр.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Компьютерде көп отырма, ... көзіңе салмақ түседі.
А) бірақ
В) себебі
С) ендеше
D) сонда да
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мен тауық сорпасын ұнатамын, ... ол жеңіл қорытылады.
А) себебі
В) бірақ 
С) əйтсе де 
D) сол себепті 
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеді, ... жүргізуші жұмысқа келмепті.
А) біресе
В) егер де
С) өйткені
D) сол себепті
Себеп мəнді сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением причины. 
А) Жамбыл облысында қант қызылшасына арнайы жер бөлінген, бірақ оның 
барлығына қызылша егіліп жатқан жоқ.
В) Жамбыл облысында қант қызылшасының алқабының көлемін кеңейту керек, 
өйткені осы өңір бұл дақылды өсіргенге өте қолайлы.
С) Жамбыл облысында қант қызылшасын не өсіру керек, не бұл істі тастау 
керек.
D) Қант қызылшасын егетін шаруаларға мемлекет тарапынан қомақты субсидия 
бөлінген, яғни қант қызылшасын өсіруге барлық мүмкіндіктер жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет