Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет67/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

99
100
101


99
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Демеулік шылаулар: шектік, болымсыздық
Демеуліктер – өздері тіркесетін сөздерге əр алуан грамматикалық мағына қосатын 
көмекші сөздер. 
Шектеулік демеуліктер белгілі бір нəрсені, іс-əрекетті, амалды, сын-сипатты, 
мезгілді шектеу, тежеу мəнінде жұмсалады. Олардың қатарына –қана, -ғана, -ақ 
шылаулары жатады. 
-қана, -ғана демеулігі тəуелдеулі, септеулі есім сөздерге, мезгіл, мекен мəнді 
сөздерге, етістік формаларына тіркесіп шек қою мəнін үстейді. 
- ақ демеулігінің негізгі мағынасы күшейту болғанымен, қолданылу ерекшелігіне 
қарай шек қою, тежеу мағыналарын да білдіреді. Мысалы:
Сен-ақ өміріңе риза болмай жүреді екенсің!?
Салыстыру (болымсыздық) демеуліктеріне түгіл, тұрсын, тұрмақ шылаулары 
жатады.
Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, есімдер, қимыл атауларына тіркесіп, 
болымсыздық пен салыстыру мағынасын үстейді. Мысалы: Бұл өтірік пен өсек ешбір 
адамды да, адам түгілі тұтас ұлттар мен ұлыстарды да өрге басқызған емес.
Тұрсын, тұрмақ сөздері түгіл септеулігімен əрі мағыналас, əрі қызметі жағынан 
да ұқсас. Мысалы: Бүйрек ауруларына шалдыққандар санын өзге тұрмақ, 
нефрологтардың өздері де білмейді.
♦ Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Конференцияда сен …, маған да орын жоқ.
А) ғана
В) онда
С) демек
D) тұрмақ
1) ғана – сөзге шектеу мағынасын үстейтін шылау болғанымен, сөйлем мазмұнымен сəйкес 
келмейді;
2) сөйлем шарттық қатынасқа құрылмаған, сондықтан онда сөзі қолданылмайды;
3) демек сөзі алдыңғы сөзбен тіркеспейді, тұлғалық жағынан да үйлеспейді, (саған, демек, 
маған) болуы керек;
4) тұрмақ – сөзге салыстыру мағынасын үстейтін шылау, сөйлем мазмұнымен сəйкес келеді.
♦ Көп нүктенің орнына шектеу мəнін беріп тұрған көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте служебное слово со значением ограничения. 
Осы жұмысты сол-... аяқтай салса қайтеді?!
А) ау
В) ақ 
С) тек
D) ғой
1) ау – сөйлемге көбінесе эмоциялық реңк беретін шылау;
2) ақ – өзі тіркескен сөзге шектеу мағынасын үстеп тұр, сондықтан көп нүктенің орнына қоюға 
болады;
3) тек – бөлек жазылатын əрі көбінесе қана демеулігімен тіркесетін шылау;
4) ғана – дефис арқылы жазылмайтын, шектеу мағынасын үстейтін шылау.


100
♦ Асты сызылған көмекші сөздің мағынасын анықтаңыз.
Определите значение подчеркнутого служебного слова.
Сен ғана сабаққа кешіктің.
А) қуану
В) құптау
С) шектеу
D) мақтау
1) ғана сөзі қуану мəнін үстемейді;
2) ғана сөзі құптау мəнін білдірмейді;
3) ғана шектеу мəнін үстеп тұр;
4) ғана – мақтау мағынасын бермейді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл мəселені мен ..., бүкіл ұжым шеше алмады.
A) ғана
B) бірақ
C) демек
D) тұрмақ
Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Аз ... ғұмырда тату-тəтті өмір сүргенге не жетсін!
А) ау
В) ды
С) ғой
D) ғана
Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Қарбыздың денсаулыққа пайдалы екенін үлкендер ... бала да біледі.
А) егер
В) ғана
С) түгілі
D) онда
Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Сауда орындарының саны ..., атынан жаңылысып қаламыз.
А) тек
В) егер
С) ғана
D) тұрмақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет