Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. Көне түркі жазуы бойынша



Pdf көрінісі
бет101/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

7-семинар. Көне түркі жазуы бойынша
семинар сұрақтары мен тапсырмалар
Жедел сұрақтар:
1. Көне түркі жазуы неше топқа бөлінеді?
2. Көне түркі жазуы туралы ең алғаш хабар бергендер кімдер? 
3. Көне түркі жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым кім? Қай 
жылы? 
4. Көне түркі мәтіндеріне алғаш транскрипция жасаған ғалымдар? 
5. ескерткіштердің қай тобы соңғы және қай топтағы жазуға рефор-
ма жасалған?
6. Әліпбиде неше әріп бар?
7. Әліпбиде дауысты фонеманың неше таңбасы бар?
8. Әліпбиде дауыссыз фонеманың неше таңбасы бар? 
9. Көп таңбасы бар фонемалар қайсы?
10. Дауыстылардың графикалық ерекшеліктері қандай болған? 
11. Графикада ерін үндестігі мен тіл үндестігінің қайсысы басым?
Пайымдау үшін берілген сұрақтар:
1. а-ә -е
фонемасын беретін таңбаның сөз басында, сөз ішінде кел-
меуі және басқа инварианттардың таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп 
отыруы неге байланысты?
2. Сөз соңына қарай 
ы-и-і
фонемасының жіңішкеруінің себебі 
неде?
3. ө, о
фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналды-
ра алмауының, ал 
ұ, ү
фонемаларынан кейінгі буындарда да 
ұ, ү
сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
4. Нт, лт, нч
дыбыс тіркесі неліктен бір таңбамен берілген?
5. Көне түркі жазуында 
б, ғ, д,й, қ, л, н, р, с, т
10 дауыссыз фонемаға 
20 әріп алынса, неге 
з, м, п, ч, ш, ң
6 дауыссыз фонемаға 6 әріп сәйкес 
келеді?
6. Көне түркі жазуында <о>, <ұ> неге бірінші буында ғана 
таңбаланған? 
7. Көне түркі жазуында <қ>, <к> фонемаларының таңбасы неге үш-
үштен? 
8. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы қандай пікірлер бар?
 
1-тапсырма.
Көне түркі әліпбиін пайдаланып, төмендегі сөздерді жа
-
зып шығыңыз: б
ал-бел, ай-ей, тал-тел, қой- гөй, бас- бес, оқ- 
ақ, мас- мес, малта- белде, лас-лес, аң-өң, бол-бөл, май- пай, 
ғой-гөй, тар- тер, сой-сүй, сал-сел, раң- рең, пара- қара, ол- ел,
алаң-елең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет