182
183
“Ы.алтынсариннің шәкірті а.Балғымбаевтың естеліктеріне
қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс гра-
фикасына көшіру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 март-
та шыққан тәрізді. Соның өзінде
оған қарсы шығушылардың
пікірінен қорыққан орыс әкімшілік орындары осы мәселеге
арнап, 1910 жылы июньде Петербургта әдейі кеңес шақырады.
Жергілікті халықтан уәкілдер қатысқан бұл кеңесте жоғарыдағы
Положенияның көп жеріне өзгерістер енгізіліп, орыс жазуы тек
ресми документтер мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын
болсын деген шешімге келеді” дейді проф. Б.Әбілқасымов.
революцияға дейін жарық көрген қазақ тілі сөздіктерінің графи-
касы мен емлесін зерттеген проф.м.малбақов 1912ж. “Орысша-
қазақша сөздік”, 1917ж. т.Бокиннің “Қазақша-орысша сөздігі”,
Клапорт сөздігінде, е.Бокиннің “Орысша-қазақша және
қазақша-орысша сөздігінде” орыс
графикасының әліпбиі мен
емлесі сақталып жазылғанын айтады.
Пысықтау сұрақтары:
1. Орыс графикасы бойынша әліпби жасаудың қандай қажеттіліктері
болды?
2. Орыс әліпбиі негізінде алғашқы әліпби жобаларының авторлары
кім?
3. Әліпбилердің өзара айырмашылықтары қандай болды және уәжді
жоба деп қайсысын ұсынуға болады?
9-семинар. Ұлттық әліпби жасаудың
алғышарттары мен маңызы
Жәдид жүйесінен басталған реформа одан ары жалғаса берді.
а.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тілі-
не ыңғайластырып, жақындатуды қолға алды. а.Байтұрсынұлы:
«Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын»
деді. Сол кездегі оқыту процесін: «әуелі
әліфті тегіс жатқа
оқытады және де оқытқанда әрбір харіфтің өз үнімен оқытпай,
әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал
дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін
оқытады. мұны оқытқанда да хәріфтің өз дауысын оқытпай …
бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы
қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады.
Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид
жүйесін одан ары жетілдіруді ойлады: «усул жәдид, яғни төте
оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол
жол қазақ арасына аз
тараған соң, біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына
көбірек жаю. усул жадит жолын сіз 28 әріп оқыту мағынасында
ұқсаңыз, оныңыз қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі
алып қосқаннан усул жадит жолынан шықпаспыз» деді.
Сөйтіп, 1912 жылдардан бастап а.Байтұрсынұлы оқулықтары,
«Қазақ» газеті (1913-1919жж.)
осы әліпбимен жазылып, ел ара-
сына тез тарай бастады. тек әліпби ресми түрде 1924 жылы ғана
қабылданды.
а.Байтұрсынұлы әліпбиінің тез, әрі жылы қабылданғанының
бір себебі араб графикасының тегі сақталуы, тіл үндесімін
дәйекше арқылы көрсетуі болды.
а.Байтұрсынұлының әліпби жасаудағы еңбегі мен оның
маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ
оқыған зиялылары жоғары бағалады. мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: