184
185
М.Дулатов
: «араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ
қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. араб әріптерінің
14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат
болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп,
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ,
ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер.
Бұларды
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып
өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық
деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман
медреселерінде,
орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-
дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ»
нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, ин-
шалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді.
Қ.Жұбанов
: “... Бұл жүйе қазақ
тілінің ерекшелігіне әбден
лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-
ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб
жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
ал проф. а.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-
дың еңбегіне арқау болғанын
алғаш дәлелдеген ғалым
Достарыңызбен бөлісу: